Су қыспақты мұнара
Мекен жайы: Тереңөзек кенті, Азатбақыт Әлиакбаров көшесі, н/з
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 29.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Су қыспақты мұнара,
1905 жыл
Мұнара жоспарында сегізқырлы, екі деңгейлі ғимарат. Төменгі қабатының биіктігі 11,2 м, кірпіштен қаланған (28х13х7 см), жоғарғы ағаштан салынған деңгейінің биіктігі 3,8 м. Бірінші деңгейде машиналық бөлме орналасса, екінші қабатта су сақтау қоймасы бар. Құрылыстың жалпы биіктігі-16 м, ені-7,5 м. Шығыс жақ бетіндегі есігі аркалық келбетте салынған. Ол кірпіш қаландысынан тұратын декоративті сандрикпен безендірілген. Бірінші қабаттың терезе ойықтары аналогиялық сандриктермен безендірілген. Жоғарғы қабат төменгі қабатқа қарағанда біршама үлкендеу. Оған ағаш баспалдақ арқылы көтерілуге болады.