Мақұлтам кесенесі
Мекен жайы: Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылынан солтүстік-шығысқа 100 шақырым
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 29.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Мақұлтам кесенесі,
ХІХ ғасыр
Мақұлтам кесенесі Қызылорда-Жезқазған тас жолынан шығысқа қарай 15 км. қашықтықта (Телікөл маңында) орналасқан.
Мақұлтам мен Құлтан кесенелері бір жобамен күйдірілген қызыл кірпіштен салынған. Кесене көлемі 7,2 х 11,75 м, биіктігі – 6 м. Құрылыс материалдары, оның ішінде кірпіш формасы, екі кесененің реставрациядан өткен уақыты да шамамен бірдей.
Шежіре әңгімесінен: Мақұлтам деген 2 сөзден құралған. Мақұл - адамның аты, там – сол кісінің басына тұрғызылған зират. Кейін келе екеуі қосылып Мақұлтам аталып кеткен. Мақұлдың руы бабас найман. Бабас найман бәйбіше, тоқал болып екіге бөлінген. Бабас – бақуатты, әруақты кісі болғанға ұқсайды. Ол қайтыс болғаннан кейін бәйбішесі мен тоқалы сыйыспай, бәйбіше Бабас Арқа жаққа кеткен, тоқал Бабас Телікөл жанында қалған,- дейді.