Теміржол вокзалы ғимараты

Мекен жайы: Арал ауданы, Арал қаласының орталығында

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 08.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Теміржол вокзалы ғимараты
1905 жыл

Маңызы:

Жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш

Арал қаласындағы теміржол вокзалы ғимараты Орынбор-Ташкент темір жол құрылысын салу кезінде тұрғызылған. Орынбор-Ташкент темір жолы– 1901 – 1905 жылдары салынып, пайдалануға берілген. Жалпы ұзындығы 2090 км, оның ішінде қазақ жері арқылы өтетін бөлігі 1660 км. Орынбор-Ташкент темір жолын салу ісі Николай ІІ патшаның 1901 жылдың 21 сәуірдегі бұйрығы негізінде қолға алынды. Орыс үкіметінің Орынбор-Ташкент темір жолын салудағы басты мақсаты Ортадық Азия үшін Англиямен арадағы бәсекелестікте жеңіп шығу, өлкедегі арзан шикізат қорын Ресейге тасу, Түркістан өлкесіне тура шығу болды. Салынатын жолдың бүкіл желісі әкімшілік жағынан екі бөлікке бөлінді. Жолдың оңтүстік бөлігі (Ташкент – Көбек) Түркістан өлкесі Сырдария облысының аумағы бойынша, cолтүстік бөлігі (Орынбор – Көбек) Орынбор губерниясы, Торғай облысының және Орал облысы Темір уезінің аумағы бойынша өтетін болып белгіленді. Құрылыс Орынбор жағынан 10 мамырда, ал Ташкент жағынан 9 қарашада басталды. Бұған 70 млн. сом қаржы жұмсалды, 40-50 мың жергілікті тұрғындар жұмыс істеді. 1904 жылы 1 қаңтарда бүкіл Орынбор-Ташкент темір жолы бойынша поездардың уақытша жүрісі ашылды. Солтүстік бөлігі толық аяқталып, 1905 жылы 25 шілдеде, оңтүстік бөлігі 1906 жылы 1 сәуірде пайдалануға берілді. 1905 жылы 1 қаңтардан бастап Орынбор – Самара – Златоуст жолының телімі, ал 1906 жылы 22 шілдеден бастап Орта Азия жолының Ташкент станциясы Орынбор-Ташкент темір жолына қосылды. Соның нәтижесінде жаңа желінің жалпы ұзындығы ұлғайды. Бес ірі станса –Ақтөбе, Шалқар, Қазалы, Перовск (Қызылорда), Түркістан Қазақстанның Ресеймен және Орталық Азиямен байланыс торабына айналды. Жол басқармасы Орынбор қаласында болды. Орынбор-Ташкент темір жолы қазіргі кезде Қазақстанның оңтүстік және батыс аудандарын Ортадық Азия республикаларымен, Ресеймен, Кавказ және Шығыс Еуропа елдерімен байланыстыратын негізгі темір жол желісі.

Вокзал ғимараты цемент-құм ерітіндісімен бекітіліп, тікбұрышты пішінді күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Табаны үйілген тастопырақты. Жоспары жағынан тікбұрышты пішінді, өлшемі 29,5х14 м, биіктігі 6 м. Шатыр құрылымы, арқалық жабындысы, терезе және есік жақтаулары ағаштан жасалынған. Шатыр үй төбесін жабатын темірмен жабылған және түспен (сұр) боялған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қазалы қаласының ескі бөлігі, қала құрылыс кешені. ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы Ноғай (Нұралы) мешіті
2 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, депутаттар кеңесінің ғимараты, қазіргі – Ғ. Мұратбаевтың мемориалдық музей ғимараты,ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы
3 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІ-ХІІІ ғасырлар
4 / 5
Жанкент (Янгикент) қалашығы, ІХ-ХІ ғ.ғ.
5 / 5
Айтбай мешіті, 1878 жыл

Ақпарат

    Записей не найдено.