Оразай ишан кесенесі
Мекен жайы: Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылынан оңтүстік-шығысқа 15 шақырым
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 29.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Оразай ишан кесенесі,
ХVІІІ ғасыр
Кесене ішінде 2 мүрде бар, бірі үлкен, екіншісі кіші. Ескерткіш көлемі 8х10 м, биіктігі шамамен 6 м. Кесене айналасы сым қорамен қоршалған. Кесене ауыл қорымының ортасында орналасқан.
Шамамен 1995 жылы Сұлутөбе ауылының тұрғыны, мұғалім Төкенов Төрәлінің басшылығымен тіней найман руы болып, ұрпақтары кесенеге реставрация жасаған. Оразай ишан, Ахмет ишанның әкесі, руы ақтаз найманның тінейі.
Арғы тегі Бағаналыдан тарайды. Өзінен тараған ұрпақтары Алматы жақта, ал туысқандары Сұлутөбе елді мекенінде тұрады.
Оразай ишан Бұғыбайұлы (1807-1898жж.) - әулие. Ауыл молдасынан сауат ашып хат таниды. Түркістан уәлаятын билеген өзбек әмірі Оразайды қазақ елінен алым-салық жинайтын уәкіл (бек) етеді. Көп ұзамай ол бұл кәсіптен бас тартып, ишандыққа ден қояды. Оразай ишан арқа елінде дін уағыздау, сауат ашу, намаз үйрету жолында көп еңбек сіңірген. Сырдарияның арғы бетінде (Сұлутөбе тұсында) «Зіңкетер» деген жерде молдалық құрып, мешіт ұстап, бала оқытқан. Кейін ізіне ерген елін бастап, тұрақты мекен етпек оймен Қаратауға бет түзейді. Жолай Сұлутөбелік би, датқалар: «Бізге пір бол»,- деп қолқа салып, «Көксу» бойындағы «Сарышығанақтан» қоныс береді. Сөйтіп, Оразай ишан осы жерді мекендеп қалған екен.