Нәнсай қалашығы
Мекен жайы: Шиелі ауданы, Бала би ауылынан солтүстік-батысқа 26 шақырым
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 29.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Нәнсай қалашығы,
орта ғасыр дәуірі
Ертедегі Нәнсай қаласы Оңтүстік Қазақстан мәдениеттері жүйесіне жатады. Оның археологиялық зерттелуі Кеңес дәуірінде А.Н. Бернштам (1947-1956 жж) және А.Х.Марғұлан басқарған АЭ жұмыстарынан бастау алады. Оның нәтижесінде Сырдарияның орта ағысының тұрақтары мәдениетінің тарихи топографиясын, кезеңдерінің жасын саралайды. Ал 1966-1967 жж К.Ақышев басқарған Жетісу экспедициясы ертедегі Нәнсай қаласы ескерткішінде болып, археологиялық зерттеу жүргізді. Ол Іле, Орталық Тян-Шань, т.б. көшпелілік дәстүрлері ықпалды болған қала орталықтарына ұқсастығын көрсетеді. Сөйтіп орта ғасыр дәуіріне жатқызады.
Ескерткіште 1,5 м биіктікте орталығында 15х15 м көлемді қабырғалары бар құрылыс орны сақталған. Мәдени қабаттарында археологиялық деректер кездеспейді.Қала жұрағаты төртбұрышты 1,5 – 2м. биіктіктегі алаңнан тұрады және солтүстік пен оңтүстігі 160 метр, батысы мен шығысы 180 метр болып келеді. Орта тұсында 15х15 метр алаңнан тұратын биіктіктегі 1,65 м құрылыс бар. Қала төңірегін қоршаған ені 8-10 метр, тереңдігі 0,5 метр ор іздері байқалады. Қалаға солтүстік және оңтүстік жақтарынан кіретін екіжолдары бар.