Рабат – 1 бекініcі

Мекен жайы: Шиелі ауданы, Бірлестік ауылынан солтүстік-шығысқа 17 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 29.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Рабат – 1 бекініcі,
орта ғасыр дәуірі

Рабат-С.Л.Волиннің дерегі бойынша, әл-Макдиси сипатындағы қорғаныс мекен дегенді білдіреді. Ертедегі Қазақстан қалаларының сыртында және шекара қамалы ретінде қызмет атқарған. Рабат-1 археологиялық ескерткіші биіктігі 4 м, диаметрі 30 м төбеден тұрады. Бетінде сынған және бүтін кірпіштері жатыр. Қыш кірпішінің өлшемі 16х6х50 см және 38х6х29 м қыш кірпіштер кездеседі. Құйылым сазы кейбірінікі жақсы иленген, ал 38х6х29 м иілемі ыдырап, үгіледі. Түсі қып-қызыл. Рабаттың оңтүстік-шығыс бетінен қалаған кірпіш қабырғалары көрініп тұр. Рабаттар биік дөңде орналасып, мұнара орнатқанына қарағанда, Сыр бойына шапқан жау әскерін (жоңғар, қалмақ) алыстан қарап, елге хабар беру үшін, шекара қамалы ретінде қызмет атқарған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы, Ғанибай үйі
2 / 5
Сараман-Қоса (Сарман-Қожа) мұнарасы, Х-ХІ ғасырлар
3 / 5
Сығанақ қалашығы. Х-ХVІІІ ғасырлар
4 / 5
Қорқыт ата ескерткіш кешені (стелла, амфитеатр, қылует, қошқар тас, мұражай), 1980 жыл
5 / 5
Қожан қожа кесенесі, ХVІІІ ғасыр

Ақпарат

    Записей не найдено.