Рабат – 3 бекінісі
Мекен жайы: Шиелі ауданы, Бірлестік ауылынан солтүстік-шығысқа 20 шақырым
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 29.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Рабат – 3 бекінісі,
орта ғасыр дәуірі
Рабат-С.Л.Волиннің дерегі бойынша, әл-Макдиси сипатындағы қорғаныс мекен дегенді білдіреді. Ертедегі Қазақстан қалаларының сыртында және шекара қамалы ретінде қызмет атқарған. Және де ол тұрғындардың айналасына отырықшылыққа айналуына негіз болып, болашақ қаланың бастауы да болған. Рабат-3 археологиялық ескерткіші биіктігі 3 м, диаметрі 40 м төбеден тұрады. Биіктік құмдақтың үстінде орналасқан. Екі мәдени қабаттан тұрады. Біріншісі топырақпен кірпіш араласқан құрылыс қалдықтары, екіншісі іргетасы болып табылады. Қыш кірпіштердің өлшемдері: 25х5х25 см, 12х5х25 см кездеседі. Мұнда сәулеттеуге пайдаланатын өнерлі гүлді мәнердегі сынық плита табылды.