Қызылтам қалашығы

Мекен жайы: Шиелі ауданы, Жансейіт ауылынан оңтүстік-батысқа 5 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 29.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Қызылтам қалашығы,
ХІ-ХІV ғ.ғ.

Қабырғаларының қалыңдығы – 3 м, биіктігі – 4-5 м, жалпы аумағы – 70х70 м.

Төртбұрышты болып келген қабырғасының кейбір жерлері бұзылған. Бұл жерде ешқандай қазып тазалау және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілмеген. Жергілікті тұғындардың айтуынша, қалашық кезінде қалмақ ханы Тоқбураның ордасы болған. Деректерде Бестам туралы былай деп айтылады: «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» кезінде бұл бекініс қалмақ қоңтайшысы Үнжінің қол астында болды. Бестамға көңіл аудармаған ол, Шиелі өзенінің жанынан Қызылтам қамалын салуды бұйырады және онда өзі турған. Ақтөбеде оқ-дәрі өндіруді ұйымдастырған.

Қызылтам мен Ақтөбені байланыстырып тұрған жер асты жолы бар деген сыбыс бар. Он жыл бұрын жергілікті бағбандар осы жермен бау-бақшаға су жіберген. Жол-жөнекей су бір щұңқырға құйылған. Нәтижесінде ол шұңқыр тереңдей түскен. Сол кезде бағбандар суды тоқтатып, шұңқырдың айналасынан күйдірілген кірпіштен қаланған туннельді көреді. Осы оқиғадан кейін ешкім туннельді зерттемеген.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Молқалан (Молла-Қалан) кесенесі, ХVІ ғасыр
2 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІІ ғасырлар
3 / 5
Қорасан ата кесенесі, ХІХ ғасырдың аяғы
4 / 5
Бақатам кесенесі, ХІХ ғасыр
5 / 5
Баланды ІІ кесенесі. б.з.д. VІ-ІІ ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.