Ақтөбе қалашығы

Мекен жайы: Шиелі ауданы, Жансейіт ауылынан оңтүстік-батысқа 8 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 29.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Ақтөбе қалашығы,
VІІІ-ХІІІ ғ.ғ.

Теңіз деңгейінен биіктігі 150 м. 1947 ж. Ескерткішті Оңтүстік Қазақстан археологиялық экспедициясы (А.Н. Бернштам) ашқан. 1990 ж ҚазМУ-дің археологиялық эхкспедициясы (М. Елеуов) зерттеген. 2004 ж ХҚТУ ТАЭ (М. Елеуов) ескерткіштің географиялық координаттарын анықтап, фотосуретке түсірген. Қалашық екі бөліктен тұрады: шахристан және цитадель. Шахристанның көлемі 170х150 м, биіктігі 1,5-3 м, қабырғалары тараптарға бағытталған. Көлемі 80х70 м болып келген цитадель шахристанның батыс бөлігінде орналасқан. Цитадель жоспарында шаршы пішіндес, биіктігі 5-5,5 м, қабырғалары төрт тарапқа қаратылған. Бұрыштарында мұнара қалдықтары сақталған, кірер қақпасы құрылыстың солтүстік-шығыс бөлігінде. Шахристанның сыртын ені 20-30 м, тереңдігі 1-1,5 м ор қоршап жатыр.

Биіктігі шамамен 5-6 метр дөңгелек төбе, диаметрінің жобасы 70м. Төбенің ортасында үштаған ағаш белгі тұр. Төбеден көп құмыра сынықтары, тастан қашалған диірмен сынығы табылған. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, бұл төбеге ашаршылық кезінде қайтыс болған адамдар жерленген. Адам сүйектерін қазып көргендер де бар екен. Төбенің жанынан суы бар үлкен арық өткен.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қорқыт ата ескерткіш кешені (стелла, амфитеатр, қылует, қошқар тас, мұражай), 1980 жыл
2 / 5
Баланды ІІ кесенесі. б.з.д. VІ-ІІ ғасырлар
3 / 5
Бақатам кесенесі, ХІХ ғасыр
4 / 5
Ақтас мешіті, 1884 жыл
5 / 5
Қарасопы кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.