Бестам қалашығы

Мекен жайы: Шиелі ауданы, Жиделі ауылынан солтүстік-батысқа 5 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 29.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Бестам қалашығы,
Х-ХІV ғ.ғ.

Ертедегі Бестам қалашығы Оңтүстік Қазақстан мәдениеттері аймағына жатады. Оның археологиялық зерттелуі Кеңес дәуірінде А.Н.Бернштам (1947-1956) және А.Х.Марғұлан басқарған археологиялық экспедиция жұмыстарынан басталады. Оның нәтижесінде Оңтүстік қалалары мәдениеттеріне сипаттама беріп, олардың жасын анықтау мүмкін болды. Ал 1966-1967 жж. Қ.Ақышев басқарған Жетісу экспедициясы ертедегі Бестам қалашығында болып, археологиялық зерттеу жүргізген. Онда 2,5-3 м биіктіктегі солтүстіктен оңтүстікке қарай 130 м, батыстан шығысқа 110 м төртбұрышты қала дуалын сызбалаған. Оның керамикасына қарап, Сырдарияның төменгі ағысындағы оғыздар қалаларына ұқсастырады. 1992 жылы КПИ экспедициясы зерттеді. К.Ақышев басқарған Жетісу экспедициясы деректерінде 130х110 м болған ертедегі Бестам қалашығы сұлбасы көрінсе, 1992 жылғы археологиялық барлауда көп құрылыстарының орны жоқ. Түбінен арықтар қазылып, бүлінген. Тек қана бұрынғы ертедегі қала ортасындағы биіктігі 1,5-2 м, көлемі 70х60 м төбешік сақталған. Бетіндегі мәдени қабаттарынан күйген іздерін, майдаланған көзелер, сүйектер сынықтарын кездестіруге болады. Ертедегі қалашық қам кірпіштен тұрғызылғандықтан судан сорланып мүжілген. 1992 жылғы археологиялық зерттеу барысында беткі мәдени қабатынан ғылыми мәні бар дерек табылған жоқ. 

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Оқшы ата кесенесі, ХІ ғасыр
2 / 5
Бақатам кесенесі, ХІХ ғасыр
3 / 5
Молқалан (Молла-Қалан) кесенесі, ХVІ ғасыр
4 / 5
Жанкент (Янгикент) қалашығы, ІХ-ХІ ғ.ғ.
5 / 5
Қожан қожа кесенесі, ХVІІІ ғасыр

Ақпарат

    Записей не найдено.