Су қыспақты мұнара
Мекен жайы: Шиелі ауданы, Бәйгеқұм теміржол стансасы
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 29.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Су қыспақты мұнара,
1905 жыл
Бәйгеқұм ауылындағы теміржол станциясы жанында орналасқан. Бұл мұнаралар 1904, 1905 жылдары Орынбор-Ташкент темір жол құрылысымен бірге салынған. Сегіз қырлы етіп тұрғызылған бұл ғимарат екі бөліктен тұрды. Біріншісі, биіктігі 8,5 м. болатын күйген кірпіштен өрілген мұнара, екінші жоғарғы бөлігі ағаштан салынған, биіктігі 4,5 м. Мұнараның жалпы биіктігі – 15 м. қабырға кірпіштерінің көлемі 29х16х9,5 см. Сыртқа қабырғасы сыланбаған, әктелген. Мұнараның кіреберіс есігі оңтүстік жағында орналасқан. Жоғарыға көтерілетін тепшек, есік-терезелері ағаштан жасалған. Төбе шатыры қаңылтырмен жабылған. Мұнараның ағаштан жасалған жоғарғы бөлігінде кірпіш қабырғаның ішкі жиегіне отырғызылған су қоймасы (резервуар) бар. Суқоймаға – кіреберіс есіктің сол жағындағы айналма тепшекпен көтеріледі. Екі қабат аралығы ағаш еденмен бөлінген. Қабырға қалыңдығы-1м, құрылыс алаңы – 514,8м3. Бұл мұнаралардың барлығы да сол уақыттағы паравоздардың бу қазандықтарына су айдау үшін салынған. Құрылыстың проектісі мен орналасу тәртібі барлық жерде бірдей. Бұл мұнаралар өз жұмысын тоқтатқанымен темір жол қызметкерлерінің қамқорлығы арасында өзінің бастапқы қалпын сақтап тұр.