Су қыспақты мұнара

Мекен жайы: Шиелі ауданы, Сұлутөбе теміржол стансасы

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 29.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Су қыспақты мұнара,
1904 жыл

Ескерткіш теміржол вокзалы кешенінің құрамына кіреді, Орынбор-Ташкент теміржолын салу кезеңінде тұрғызылған.  Мұнара Сұлутөбе стансасындағы вокзал ғимаратынан батысқа қарай орналасқан. Мұнара сегіз қырлы,екі қабатты. Бірінші қабат құмтастан өрілген, биіктігі-9,5 м, жоғарғысы ағаштан салынған, биіктігі-4 м. Жалпы биіктігі-14,4 м. Мұнараның солтүстік, батыс және шығыс жақтарында терезе ойықтары бар, ал оңтүстігінде жарты циркульді аркалы есік орналасқан. Есікті күрделі қаланған декоративті сандрик безендіріп тұр. Терезе ойығы тік бұрышты, алдыңғысының кескінін қайталайтын сандрикпен безендірілген. Мұнараның бітеу жақтарында, 5 м биіктікте жақ тәрізді маңдайшалы тар қуытар орналасқан. Мұнараның кірпіш бөлігі жонып тегістелген жауырыншалармен айқындалған. Мұнараның ағаш бөлігіне кірер жерде жақтаулы және оймышты ағаш карнизді терезе ойығы бар. Төбесі шатырлы, қаңылтырмен жабылған. Төбенің ортасында төбенің пошымын қайталайтын желдеткіш фонарь орналасқан. Мұнараның ішінде, 8 м биіктікте қаңқаның бөлшегі болып табылатын ағаш мәтке орналасқан. Су сақтайтын орынға көтерілу мұнараның батыс бөлігінде орналасқан ағаш баспалдақпен іске асырылады. Мұнараның ені-7,5 м, қабырғасының қалыңдығы-1 м, құрылыс көлемі-565,1 м3.мұнараның архитектурасы ХХ ғасыр басындағы құрылыс өнерін сипаттайды.  

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, депутаттар кеңесінің ғимараты, қазіргі – Ғ. Мұратбаевтың мемориалдық музей ғимараты,ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы
2 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІІ ғасырлар
3 / 5
Бегім ана мұнарасы, ІХ-ХІ ғасырлар
4 / 5
Сараман-Қоса (Сарман-Қожа) мұнарасы, Х-ХІ ғасырлар
5 / 5
Құтқарушы Христос шіркеуі, ХІХ ғасыр

Ақпарат

    Записей не найдено.