Теміржол вокзалы ғимараты
Мекен жайы: Шиелі ауданы, Шиелі теміржол стансасы
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 29.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Теміржол вокзалы ғимараты,
ХХ ғасыр
Вокзал 1904-1905 ж. Орынбор-Ташкент теміржолын салу кезеңінде тұрғызылған. Вокзал ғимаратының жалпы ауданы 360 шаршы метр, қабырғасы күйдірілген кірпіштен тұрғызылған. Бас қасбеті солтүстік-шығысқа бағытталған.
2000-2001 ж. Вокзал ғимаратын қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді. Бүгінгі күні ескерткіш вокзал қызметкерлерінің қарауында. Ғимараттың жоспарлы өлшемдері 65,3х13,1 м, биіктігі-6м. Вокзал ғимаратына 2012 жылы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.