Ахмет ишан кесенесі

Мекен жайы: Шиелі ауданы, Сұлутөбе ауылынан солтүстік-шығысқа 100 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 29.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Ахмет ишан кесенесі,
ХХ ғасыр

Кесенесі екі камералы күмбезді құрылысты көрсетеді, ол фундаментсіз күйдірілген кірпіштен қаланған. Бас қасбеті оңтүстік-батысқа бағытталған. Ғимараттың ортасындағы жерлеу бөлмесі жоспарында тікбұрышты. Күмбез цилиндрлік барабанға негізделген.  Кіші камера екі деңгейден тұрады (немесе бөлмелердің кіреберіс блогі). Төменгі деңгейде қабірге апаратын дәліз және де жоғарғы деңгей мен шатырға апаратын саты орналасқан. Жоғарғы деңгейде зиярат етуге арналған бөлме бар. Кіріс блогінің көлемі сфервоконусты күмбезбен жабылған.

Үлкен бөлмесінде зират бар, кішісін кіреберіс дәліз және зияратхана ретінде салған. Кіші бөліктің үстіне екінші қабат салынған. Кесененің үлкен бөлігі 7х7м. күмбезбен жабылған. Бөлмеге кіретін шағын П сияқты маңдайшамен өрнектелген. Бір ғажабы бөлмеге кіретін есік бұл емес, оңтүстік бүйіріндегі қасбетінде, ал мына жалған есік қазақтың дәстүрлі кесенелеріне ортақ ерекшелік болып табылады. Кіші бөлмедегі екі баспалдақтың біреуі кесененің төбесіне шығады, екіншісі шағын күмбезді зияратханаға көтеріледі.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басы Ғанибай мешіті (қазіргі қалалық кітапхана)
2 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы, Ғанибай үйі
3 / 5
Сауысқандық петроглифтері, қола, ерте темір дәуірлері
4 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІІ ғасырлар
5 / 5
Құттыбай кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.