Ғани Мұратбаев кеуіті

Мекен жайы: Қазалы ауданы, Қазалы қаласы, Қорқыт Ата көшесі, 43 (№17 мектептің ауласы)

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 29.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Ғани Мұратбаев кеуіті,
1964 жыл

Ғани Мұратбаев (3.06. 1902, Қазалы ауданы – 15.04. 1925, Мәскеу) – Орталық Азия мен Қазақстан жастар қозғалысын ұйымдастырушылардың бірі, БЛКЖО мен Коммунистік Жастар Интернационалының қайраткері. Қазалыдағы орыс – қазақ мектебін, жоғары бастауыш училищесін (1910 – 18), Ташкенттегі орта білім беретін қазақ-қырғыз педагогикалық училищесі жанындағы ауылдық мектептер үшін нұсқаушы-лекторлар курсын (1919 – 20), Ташкенттегі мемлекеттік үлгі-тәжірибелік мектебін және Орта Азия мемлекеттік университетінің қоғамдық ғылымдар факультетін (1920 – 21) бітірген. 1919 жылы Коммунистік Жастар ұйымына мүше болып қабылданып, бірер жыл қалалық, уездік комитетте жұмыс істеді. 924 – 25 жылдары Ресей Лениншіл Коммунистік Жастар одағы ОК-нің бюро мүшесі, Коммунистік Жастар Интернационалы атқару комитетінің Шығыс елдері жастар арасындағы жұмыс бөлімінің меңгерушісі болды. Ол Коммунистік Жастар Интернационалының 3 – 4-конгрестерінің, Коминтерннің 4-конгресінің делегаты болып сайланды. Өкпе ауруынан қайтыс болып, Мәскеудегі «Ваганьков» қорымына жерленді. Мұратбаев Хорезм республикасының Еңбек Қызыл Ту орденімен марапатталған. Қазалы қаласында мемориалдық мұражайы ашылды. «Біздің Ғани» атты көркем фильм, «Осындай қысқа ғұмыр» атты деректі фильм түсірілді.

Бюстің биіктігі – 4 м. Тұғыры күйдірілген кірпіштен өріліп, бюстің өзі граниттен салынған. Мәрмар тасында былай деп жазылған:

Ғани Мұратбаев 1902-1925 жыл Орта Азия және Қазақстан комсомолын тұңғыш ұйымдастырушылардың бірі.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Оқшы ата кесенесі, ХІ ғасыр
2 / 5
Сараман-Қоса (Сарман-Қожа) мұнарасы, Х-ХІ ғасырлар
3 / 5
Айқожа кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар
4 / 5
Қорқыт ата ескерткіш кешені (стелла, амфитеатр, қылует, қошқар тас, мұражай), 1980 жыл
5 / 5
Ақтас мешіті, 1884 жыл

Ақпарат

    Записей не найдено.