Қуат кесенесі
Мекен жайы: Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылынан оңтүстікке қарай 15 шақырым
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 29.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Қуат кесенесі,
ХІХ ғ. басы
Кесене тікбұрышты қам кесектерден (6,5х20х30 см) тұрғызылған, жоспарындағы өлшемдері – 8,50х10,50 м. Ескерткіш екі камерадан – күмбезді жерлеу камерасынан (8,50х8,50 м) және күмбезшемен көмкерілген тікбұрышты камера түріндегі кіреберістен (5,50х2,0 м) тұрады. Кесененің күмбезі парабола кескінді, оның төменгі бөлігі жоғарғы көлденең тікбұрыштардан бөлінген, күмбезде тас төбе ойығы («түндік») бар.