Орақ мұнарасы

Мекен жайы: Қазалы ауданы, Қожабақы ауылынан солтүстікке қарай 6 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 29.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Орақ мұнарасы,
1918 жыл

Ескерткіш күйдірілген кірпіштен соғылған (7х14х27 см), жоспары жағынан ауқымды өлшемдері: табанының диаметрі 4,10 м, биіктігі (төбені қоспағанд) 7,40 м. Мұнара жоспары бойынша дөңгелек, іші қуыс, жоғарыға қарай тарыла түскен, дамыған жертөлесі бар, барабандағы күмбезбен аяқталады, оның диаметрі мұнара денесінің диаметрінен айтарлықтай кіші. Күмбез ағаш оюлы төбемен аяқталады, күмбез астындағы барабаннан бұл күмбез қабырғасымен қойылған кірпіштердегі ернеу арқылы бөлініп тұр.

Қожаназар ишанның әкесі-Артықбай, оның әкесі –Орақ. Орақ батыр бiрнеше жерге мешiт салдырған Қожаназар ишанның атасы.

Мұнараның астыңғы бөлік кірпіштері сөгілген. Бір қапталға қарай сәл қисайған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қожан қожа кесенесі, ХVІІІ ғасыр
2 / 5
Сауысқандық петроглифтері, қола, ерте темір дәуірлері
3 / 5
Қазалы қаласының ескі бөлігі, қала құрылыс кешені. ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы Ноғай (Нұралы) мешіті
4 / 5
Бегім ана мұнарасы, ІХ-ХІ ғасырлар
5 / 5
Қорасан ата кесенесі, ХІХ ғасырдың аяғы

Ақпарат

    Записей не найдено.