Құмиян қалашығы

Мекен жайы: Жаңақорған ауданы, Келінтөбе ауылынан оңтүстік-батысқа 15,7 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 29.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Құмиян қалашығы,
ХІІ-ХІІІ ғ.ғ. 

Теңіз деңгейінен биіктігі 171 м. Қалашық туралы алғашқы ескертпелерді 1900 жылы В.А.Каллаур келтірген. Ескерткішті 1969-1970 жылдары ОАЭ (К.Ақышев) ашып, зерттеген. 2004 жылы ХҚТУ ТАЭ (М.Елеуов) географиялық координаттарын анықтап, суретке түсірген. Жоспарында төртбұрышты болып келген қалашықтың көлемі 210х180 м. жақсы сақталған солтүстік-батыс қабырғасының биіктігі 5-5,5 м, қалыңдығы 3-3,5 м. қабырғаларында әр 35 м сайын мұнаралар орналасқан. Қалашықты айнала қоршаған ордың ені 1,5-2 м. Ескерткіштің орталық бөлігінде көлемі 45х45 м болып келген шаршы пішінді цитадель бар. 

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Жанкент (Янгикент) қалашығы, ІХ-ХІ ғ.ғ.
2 / 5
Молқалан (Молла-Қалан) кесенесі, ХVІ ғасыр
3 / 5
Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы. Жақаев мүсіні, 1975 жыл
4 / 5
Сығанақ қалашығы. Х-ХVІІІ ғасырлар
5 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІІ ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.