Неолит дәуіріндегі адамдар тұрағы
Мекен жайы: Арал ауданы, Арал қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 40 шақырым
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 03.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Неолит дәуіріндегі адамдар тұрағы, б.д.д ІҮ-ІІІ мыңжылдықтар
Маңызы:
Жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш
Неолит, жаңа тас дәуірі (грек. neos – жаңа және lіthos – тас) – шамамен б.з.б. 5500 – 3000 жылдарды қамтитын тас дәуірінің ең соңғы кезеңі. Неолиттің қалыптасуы мен аяқталуы жер шарының әр түрлі аудандарында әр қилы уақытта өтті. Еуропа, Азия мен Африканың көптеген табиғи-климаттық аймақтарында негізінен Неолиттің хронологиялық шеңбері б.з.б. 6 – 4-мыңжылдықтардан басталып, б.з.б. 3-мыңжылдықта аяқталды. Қазіргі уақытта Қазақстан аумағында 600-ден аса неолиттік және энеолиттік ескерткіш мәлім. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай - бұлақтык, өзендік, көлдік, үңгірлік тұрақ деп төртке бөлінеді. Өткен ғасырдың 40-50 жылдарында мерзімі шамамен б.з.д. ІҮ-ІІІ мыңжылдықтарды қамтитын Арал теңізінің шығысы, солтүстігі және батыс аймақтарында неолит дәуірінің тұрақтары мен тұрақтар тобы табылды. Атап айтқанда Сексеуіл, Көнту, Тәмпі, Шөлқұм, Ақеспе және т.б. жатады. Бүгінде ірі тұрақтар тобының орнын анықтау мүмкін болса, ал жекелеген еңбек құралдары және ұсақ керамика сынықтары түрінде сақталған тұрақтардың орынын анықтау мүмкін емес.
Сондай жұқа қабатты тұрақтың бірі Арал қаласынан батысқа қарай 40 шақырым, Арал теңізінің кепкен жағасына жақын, Арал-Жалаңаш бағытындағы тас жолдың бойында орналасқан. Археологиялық ескерткіш орнынан мәлімет беретін ешқандай белгі жоқ. Теп-тегіс жер болып кеткен. Барлау жұмыстары барысында шақпақтастар, қыш ыдыстың сынықтары аздап кездеседі.