Су қыспақты мұнара
Мекен жайы: Арал ауданы, Шөміш станциясы
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 16.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Су қыспақты мұнара,
1905 жыл
Су қыспақты мұнара темір жол вокзалы жанында орналасқан. Құрылыс жоспары сегіз жақты. Мұнараның екі жақ бөлігіндегі әр қаспетте сәулелі маңдайшалары бар терезе ойықтары және батыс жағында аузы бар. Терезенің төменгі бөлігі төртбұрышты, ал жоғары жағы дөңгелек етіп жабылған. Терезе ағаштан күрделі формада жасалған майлы бояумен боялған. Мұнара екі қабатты, төменгі қабаты күйдірілген кірпіштерден айшықталып қаланған және жоғарғы қабаты – ағаштан салынған. Биіктігі 18,5 метр. Іргетасы сыланған және әктелген. Мұнараның кірпіштен салынған қабаты барлық бөлігінде безендендіріле қалалып аяқталған. Ал мұнараның ағаш бөлігінің жабылған бөлігі ағаш оюдың әртүрлі әдістерін қолданып әшекейленген. Шатыры темір жамытқымен жабылған. Мұнараны сыртымен айналып шығатын сатысы бар.