Н.Бекежанов атындағы қазақ академиялық музыкалық драма театрының ғимараты, 1985 жыл
Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Әйтеке би, 44А
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 26.09.2018
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Тарихы: Нартай Бекежанов - Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, «Коммунизм» колхозында туған. Анасы Бақтыгүл, ағасы Мансұр ақын болған. Сауықшыл ауыл дәстүрін өнеге тұтқан өнерлі бала он жасынан ән салып, өлең айта бастайды. 1935 ж. Шиелі қыстағында ашылған балалар үйіне көркемөнерпаздар үйірмесінің жетекшісі болып орналасады. Бірер жылдан кейін Қызылордада ұйымдастырылған концерт-эстрада бюросына шақырылады, өмірінің ақырына дейін сонда қызмет істейді. 1939 ж. Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы көрмесінің ашылу құрметіне болған этнографиялық концертке қатысып, академиялық Үлкен театрда ән шырқап, жыр толғайды. «Қызыл Москва» деген толғауы осы тұста шығарылды. Республикалық ақындар айтысына қатысып, Нұрлыбек Баймұратовпен өнер сайысына түседі. 1946 жылы Қазақ әдебиеті мен өнерінің Мәскеуде өткен онкүндігіне қатысады. Ақын халық әндерін шебер орындаумен қатар, өзі де әндер («Толқын», «Нартай сазы») шығарды. Шығармалары «Домбыра сазы» (1950), "Өлеңдері мен айтыстары" (1950,1956), «Өсиет» (1982), «Аманат» (1990) деген атпен жеке кітап болып жарық көрді. «Құрмет Белгісі» орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет Грамотасымен марапатталған. «Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері» атағы (1939) берілген. Қызылорда облыстық драма театрына Бекежанов есімі берілген (1970). Шиелі ауданында Н.Бекежанов ауылы бар.
Сипаттамасы: Ғимараттың жалпы көлемі 1,2838 га немесе 7604,8 кв.метр. Ғимарат симметриялық композициясы үш бөліктен тұрады. Орталық бөлігі театрлық кешеннен тұрады – көрермен залы, вестибюля, жоғарғы және төменгі фойе, жоғары және төменгі қапталындағы кулуарлар. Ғимараттық терезелері симметриялы композиция жасап орнатылған, ал фасадында екінші қабатта жеті колонна қойылып, олардың арасында безендірілген терезеге қуыстар қалдырған. Сырты – цоколі ракушкалы плитамен қапталған, ғимарат ақ мрамор түстес плиткамен қапталып, беті тегістелген. QR-код тақтайша орнатылған.