Сыр бойының батырлары ескерткіші, 2006 жыл
Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Д. Қонаев көшесі, н/з
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 26.09.2018
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Сипаттамасы: Төрт батырды бейнелейтін ескерткіштің биіктігі 5,5 м, салмағы 5 тонна. Ескерткіш қоладан құйылып, тұғыры гранитпен қапталған. Авторлары: А.Кененбаев, Ж.Исмагулов. Сыр батырлары ескерткіші осы өңірде өмір сүрген Сақ, Қаңлы, Оғыз- Қыпшақ т.б. тайпалар мен түркі халықтарының руна жазуы және Қазақ жеріндегі ру – тайпалардың таңбалық бейнелері де суреттеледі. Ескерткіш батырларында қалқан, қылыш, садақ, шоқпар бейнелері суреттелсе әйел мүсінінің қолына бейбітшілікті меңзеген көгершін құсы суреттеледі. Сонымен қатар қобыз, торсық бейнесі суреттеледі. Мүсіндердің орта бөлігінде үш жүзді бейнелейтін найзалар біріктірілген. Осы біріктірілімде ту бейнесі де бар. Батырлардың бас киімдері осы өңірде өмір сүрген тайпалар мен хандықтардың бас киім үлгілеріне негізделген. Оның ішінде шошақ бөрік, дулыға және өнер адамдары киетін бөрік те көрініс тапқан. Тұғыры басбалдақ болып келіп шеңбер ортасына осы Сыр батырлары ескерткіші көрініс тапқан. Ескерткіш Қызылорда облысы бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерінің 3D форматтағы интерактивті (www.virtualmap.xyz/be/10-pamyatniki-kaz/188) картасына енгізілген. QR-код тақтайша орнатылған.