Теміржол вокзалының ғимараты
Мекен жайы: Арал ауданы, Қамыстыбас теміржол станциясы
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 21.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Теміржол вокзалының ғимараты,
1905 жыл
Бір қабатты темір жол вокзалының оңтүстік-шығыс жағы және бас қасбеті шақпақталған таспен қапталған, күйдірілген кірпіштер салынған. Іргетасы бут тастан қаланған. Шатыры темір қаңылтырмен жабылған. Бөлме ішіндегі қоршау тас пен ағаштан, ал едені тақтаймен төселген. Терезесінің көлемі төртбұрышты, ағаштан екі қабатты етіп салған. Пешпен жылытылады. Ғимараттың жоспары төртбұрышты, көлемі 46х11,6 м. құрылыс көлемі - 2934,8 куб.м.