Теміржол вокзалының ғимараты

Мекен жайы: Арал ауданы, Сексеуіл станциясы

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 21.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Теміржол вокзалының ғимараты,
1905 жыл

Арал ауданы Сексеуіл станциясындағы теміржол вокзалы ғимараты  1905 жылы Орынбор-Ташкент темір жол құрылысын салу кезінде тұрғызылған. Орынбор-Ташкент темір жолы– 1901 – 1905 жылдары салынып, пайдалануға берілген. Жалпы ұзындығы 2090 км, оның ішінде қазақ жері арқылы өтетін бөлігі 1660 км. Орынбор-Ташкент темір жолын салу ісі Николай ІІ патшаның 1901 жылдың 21 сәуірдегі бұйрығы негізінде қолға алынды. Орыс үкіметінің Орынбор-Ташкент темір жолын салудағы басты мақсаты Ортадық Азия үшін Англиямен арадағы бәсекелестікте жеңіп шығу, өлкедегі арзан шикізат қорын Ресейге тасу, Түркістан өлкесіне тура шығу болды. Салынатын жолдың бүкіл желісі әкімшілік жағынан екі бөлікке бөлінді. Жолдың оңтүстік бөлігі (Ташкент – Көбек) Түркістан өлкесі Сырдария облысының аумағы бойынша, cолтүстік бөлігі (Орынбор – Көбек) Орынбор губерниясы, Торғай облысының және Орал облысы Темір уезінің аумағы бойынша өтетін болып белгіленді. Құрылыс Орынбор жағынан 10 мамырда, ал Ташкент жағынан 9 қарашада басталды. Бұған 70 млн. сом қаржы жұмсалды, 40-50 мың жергілікті тұрғындар жұмыс істеді. 1904 жылы 1 қаңтарда бүкіл Орынбор-Ташкент темір жолы бойынша поездардың уақытша жүрісі ашылды. Солтүстік бөлігі толық аяқталып, 1905 жылы 25 шілдеде, оңтүстік бөлігі 1906 жылы 1 сәуірде пайдалануға берілді. 1905 жылы 1 қаңтардан бастап Орынбор – Самара – Златоуст жолының телімі, ал 1906 жылы 22 шілдеден бастап Орта Азия жолының Ташкент станциясы Орынбор-Ташкент темір жолына қосылды. Соның нәтижесінде жаңа желінің жалпы ұзындығы ұлғайды. Бес ірі станса –Ақтөбе, Шалқар, Қазалы, Перовск (Қызылорда), Түркістан Қазақстанның Ресеймен және Орталық Азиямен байланыс торабына айналды. Жол басқармасы Орынбор қаласында болды. Орынбор-Ташкент темір жолы қазіргі кезде Қазақстанның оңтүстік және батыс аудандарын Ортадық Азия республикаларымен, Ресеймен, Кавказ және Шығыс Еуропа елдерімен байланыстыратын негізгі темір жол желісі.

Сексеуіл станциясындағы теміржол вокзалы ғимараты бір қабатты, жоспары созыңқы төртбұрышты. Ірі тас блоктардан бут тастан қаланған іргетастың үстіне тұрғызылған. Ішкі қабырғалары тас пен ағаштан салынған. Ағашпен жабылған. Шатыры ағаш конструкциямен құрылып, үсті темір қаңылтырмен жабылған. Едені тақтаймен төселген, пешпен жылытылады. Терезесінің пішіні төртбұрышты, жоғары жағы доғал етіп жасалған. Кіретін есігі ағаштан салынған, жоғары бөлігінде төбесі доғалдау келген терезе бар. Бұрыштары өңделген тастармен шығыңқы етіп сапалы қаланып өрілген. Өлшемдері: ұзындығы – 43 см, ені – 10,4 см, биіктігі – 7,3 см, қабырғаның қалыңдығы – 0,8 см.

 

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қарасопы кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар
2 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІ-ХІІІ ғасырлар
3 / 5
Қорасан ата кесенесі, ХІХ ғасырдың аяғы
4 / 5
Асан ата кесенесі, ХVІ ғасыр
5 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, депутаттар кеңесінің ғимараты, қазіргі – Ғ. Мұратбаевтың мемориалдық музей ғимараты,ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы

Ақпарат

    Записей не найдено.