Құмқала ІІ қалашығы

Мекен жайы: Жалағаш ауданы, Аққолқа ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 15,2 шақырым, Аққыр ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 35,8 шақырым, қалажұрт Құмқала І-дің оңтүстік-шығысына қарай 4 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 21.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Құмқала – ІІ қалашығы, ХІІ-ХІҮ ғ.ғ.

Қоныс 1960 ж. ХАЭЭ (жетек.С.П. Толстов) тарапынан зерттелді.  2006 ж. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының ШРАЭ  (жетек.Ж. Құрманқұлов) тарапынан зерттелді.  Шығыс Құмқала – ірі, оған жалғасып жатқан қыстағы бар бекініссіз феодалдық мекен. Жоспарлы өлшемі 200х155м. Мекен үлкен тұрғын үй кешенінен, қатар орналасқан бөлмелері мен дәліздері сақталған үлкен үйлерден тұрады. Қақпа солтүстік қабырғаға орнатылған. Мекенге оңтүстіктен және оңтүстік–батыстан үлкен қоныс кварталдарының қалдықтары жалғасып жатыр. Көптеген аудандардан қолөнер өндірісінің ізі болған қоқыстар мен крицтер табылды. Шығыс Құмқаладан шыққан керамикалардың Ұйғарақ мекенінің керамикаларымен ортақ тұстары бар. Қала маңы заманында гүлденген бау – бақшалар мен егіні жайқалған алқаптармен қоршалған. 

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қорасан ата кесенесі, ХІХ ғасырдың аяғы
2 / 5
Бегім ана мұнарасы, ІХ-ХІ ғасырлар
3 / 5
Асанас кесенесі, ХVІІ ғасыр
4 / 5
Бақатам кесенесі, ХІХ ғасыр
5 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы, Ғанибай үйі

Ақпарат

    Записей не найдено.