Ақмырза кесенесі
Мекен жайы: Жалағаш ауданы, Аққыр ауылынан солтүстік-батысқа 14 шақырым
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 21.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Ақмырза кесенесі,
ХХ ғ. басы
Кесене қам кесентен салынған, жоспары шаршы келген, бетшелі-күмбезді құрылыс. Кесененің ішкі-сыртқы беті қалың етіп сабан сылақпен сыланған. Күмбездің төбесі мен кіреберіс жағында ішке жарық түсу үшін арнайы тесіктер қалдырылған. Төрт бұрышына жалпы формасы төртбұрышты, ұшы сүйір болып келетін төрт колонна (гульдаста) тұрғызылған. Жебе тәрізді етіп қаланған қуыстың ішінде орналасқан кесене есігі бар портал ( пештак) оңтүстік- шығыс жаққа қаратып салынған. Үстінде пішіні төрт бұрышты 4 тумба қаланған. Кесененің ішінде екі қабір жатыр. Күмбезінің конус пішінді шар тәрізді, ол шеңберлі барабанға бектілген. Тікбұрышты жоспардан, бұрыштық желкен пішінді етіп өріп, күмбезге айналаған. Кесене жоспары шаршыға жақын, көлемі 6,0х5,4 м, қабырғасының биіктігі – 2,1 м. Бетшесінің биіктігі 3,8 м. Кесектерінің өлшемдері – 24х13х7 см. ішкі қабырғасы сылын, сырты сыланбаған.