Жаманқара мұнарасы
Мекен жайы: Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 20 шақырым
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 21.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Жаманқара мұнарасы,
ХVІІІ ғасыр
Жаманқара Әлім - Төртқараның ауқатты байы болған кісі. Мұнараны осы кісі қайтыс болғаннан кейін ұрпақтары көтерген. Мұнара Жаңадарияның оң жағалауында ескі қорымда орналасқан. Мұнара жоспары шеңберлі, конус пішіндес, қам кесектен (өлшемдері 31х22х8 см) салынған. Кіретін ауызы оңтүстік-шығысқа бағытталған. Мұнараның төбесі күмбез етіліп жабылған. Іргетасы жоқ, жердің бетіне қамыс төслеліп, соған отырызылған. Кіретін ауызының пішіні сүйір келген, биіктігі 2 м. Мұнараның басына үш деңгейлі кертпешпен шыққан. Өлшемдері: негізінен диаметрі 3,3 м; биіктігі – 7,7 м; негізі тұсынан қабырғасының қалыңдығы – 1 м. Қабырғасының ішкі бетінде бір – бірінен арақашықтығы 1 – 2 метрдей жерде үш баспалдақ қаланған. Мұнараның астына фундамент есебінде қалыңдығы шамамен, 10 -