Бытық мұнарасы
Мекен жайы: Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылынан батысқа қарай 28 шақырым
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 21.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Бытық мұнарасы,
ХVІІІ ғасыр
Бытық мұнарасы жергілікті тұрғындарға Бітім мұнарасы деген атпен белгілі.
Аңыз бойынша, Кете руының Сойырқас аталығының бір байының қызына бір тайпаның игі жақсылары құда түсіп келеді. Сол тойдың көкпар жарысында төбелес болып, күйеу жігіт соққыға жығылып, қайтыс болады. Артынша қалындық та у ішіп өліп, екі елдің арасы бүлінеді. Кейіннен, екі ру татуласқаннан кейін, бітімгершілік белгісі ретінде бірге көмілген қыз бен жігіттің бейітінің басына осы мұнараны тұрғызады. Мұнара жоспарында дөңгелек, қам кірпіштен тұрғызылған. Көлемі 8х21х35 және 12х21х35 см. болатын қам кесектерден қаланған. Мұнараның астына фундамент есебінде қалыңдығы