Сәтбай кесенесі
Мекен жайы: Жалағаш ауданы, Жаңадария ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 80 шақырым
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 21.08.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Сәтбай кесенесі,
ХVІІІ-ХІХ ғ.ғ.
Сыр бойы қазақтарының «үйтам» үлгісі бойынша салынып, көлемі 25х25х6 см. ортағасырлық күйдірілген қыштан тұрғызылған. Іргетасы мен табаны (цоколі) да сол кірпіштен өрілген. Есігі батыс жаққа қараған. Кесене портал (пештак) салу арқылы ерекшеленеді.
Кесененің сыртқы көлемі квадратты -8,20х8 метр. Жалпы биіктігі -
Кесененің ішкі беті (интерьері) ортағасырлық сылақтың бір түрі «ганч» ерітіндісімен сыланған. Қазіргі кезде ол сылақ опырылып түсіп қалған, бірақ әр жерлерде сілімдері сақталған.
Кесененің іші киіз үйдің жабдықталуына ұқсатып безендірілген және безендіру үшін архитектурамен тығыз байланысты монументальды живописьтің бір түрі «сграффито» (қабырғаға салынған немесе сызылған суреттер) техникасы пайдаланылған. Қабырғаларға сол кездегі қазақтардың көшін бейнелейтін суреттердің фрагменттері панорама үлгісінде майлы бояумен салынған. Суреттерде қой, жылқы айдалып, жүк артылған түйелер, сол сияқты, сәйгүлік ат жетектеген ат сейістер мен шабандоздар, қыз-келіншектер мен жігіттер көрінеді. Табиғат көріністері, киік, қасқыр, т.б. жабайы аңдардың суреттері тұтас композицияда панорамаға енген.
Суреттер толық сақталмаған, көп жерлері өшіріліп, түсіп қалған. Қабырғалардың кейбір жерлерінде қызыл және көк түстермен салынған ою-өрнектердің фрагменттері де ұшырасады. 2005 жылдың сәуір айында кесенеге Қорғау тақтасы орнатылды.