Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған ескерткіш

Мекен жайы: Жалағаш кенті, Желтоқсан көшесі, 15

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 21.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарға арналған ескерткіш
1975 жыл

Жалғаш кентіндегі Ұлы Отан соғысында қаза тапқандар ескерткіші 1975 жылы Ұлы Жеңістің 30 жылдығына орай 1941 – 1945 ж.ж. Ұлы Отан соғысында шейіт болып кеткен екі мыңнан аса жалағаштық боздақтарды мәңгі есте қалдыру мақсатында Жалағаш кентінің орталық алаңында орнатылған. Ескерткіштің авторлары - КСРО Мүсіншілер одағының мүшесі - Р.Е. Степанов пен өнертанушы В.М. Бедеров. Архитекторлар - Ю. Поммер, С. Кулов. Суретшісі- А. Эмирбеков.

Ескерткішке тапсырыс берушілер - аудандық партия комитеті, зиялы қауым өкілдері мен аудан тұрғындары. Ескерткіштің тұғыры ( пьедестал) қызыл кірпіштен тұрғызылып, сыртынан қара түсті кафель плиткаларымен қапталған. Өлшемі - 3 х 1,50 м. Биіктігі – 2,70 м.

Тұғырдың қас бетіне Отан соғысы орденінің суреті, оның астына «1941 – 1945» деген жазулар мен георгий лентасы мен лавр бұтақтарының суреттері қашалған мрамор плитасы бекітілген. Ескерткіш тұғырының алдына « Мәңгілік алау» бесжұлдызы орналасқан тұғыр жапсарлас орналасқан. Өлшемі – 7 х 4 м. Биіктігі – 30 м.

Ескерткіштің артына жартылай шеңбер (полусфера) пішінінде қызыл кірпіштен қаланған қабырға тұрғызылған. Қабырғаның сырты «левкас» ерітіндісімен сыланып, жоғарғы жағы-«алюкобонд» материалымен, астыңғы жағы - кафель плиткаларымен қапталған. Қабырғаның ұзындығы – 23,60 м. Биіктігі – 5 м. Қалыңдығы – 70 см. Жоғарғы жағында «ЕР ЕСІМІ - ЕЛ ЕСІНДЕ» деген сөздер, «1941 - 1945» деген сандар мен қызыл түсті бесжұлдыз бен георгий (муар) лентасын көмкерген лавр бұтақтары бекітілген.

Қабырғаның бойымен, оннан солға қарай, екі қатар болып боздақтардың аты- жөні, туған және қайтыс болған жылдары қашалып жазылған мрамор плиталары қағылған. Қабырғаның он және сол жақ қапталында автомат ұстап, Құрметті қарауылда тұрған екі жауынгердің қола барельефтері тұрғызылған. Олардың биіктігі - 2,30 м. Ені- 1,15 м. Ескерткіш Москва облысының Мытищи қаласындағы металлургия зауытында қоладан құйылып, сыртынан күміс түстес бояумен боялған. Жалпы биіктігі- 5 м. 2005 жылдың көктем айында ескерткішке күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Қорғау тақтасы мен мемориалдық тақта орнатылды.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІІ ғасырлар
2 / 5
Қазалы қаласының ескі бөлігі, қала құрылыс кешені. ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы Ноғай (Нұралы) мешіті
3 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басы Ғанибай мешіті (қазіргі қалалық кітапхана)
4 / 5
Жент қалашығы, Х-ХV ғасырлар
5 / 5
Көтібар мұнарасы, ХІХ ғасыр

Ақпарат

    Записей не найдено.