Қасым ата кесенесі

Мекен жайы: Жаңақорған ауданы, Жаңарық ауылынан оңтүстікке 20 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 21.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Қасым ата кесенесі,
ХІХ ғасыр

Қасым ата кесенесін кезінде В.Каллаур зерттеп, оны құлау алдында екенін жазса, бүгінде толық бүлінген. Қыш-кірпіштен өрілген. Кесенеге Қасым атаның әулиелігін білдіретін сырыққа байлаған ақ шүберек ілінген. Қазіргі биіктігі 4-5 м. Қазіргі уақытта кесененің тек камера қабырғаларының бөліктеріне жанасып жатқан солтүстік аркалы тромп пен оның үстіндегі күмбез қаландысының бірнеше қатары ғана сақталған. Солтүстік тромптағы толтырылған қуыс қираған, бірақ осындай жер, кірпіштердің бұрышымен қаланған сталактиттерге тіреліп тұрған жарты арканың төменгі бөлігі, жарым-жартылай болса да оңтүстік бұрышында сақталған. Кесене негізінен күйдірілген кірпіштерден (27х27х6 см., 10 қатар+10 жым=0,64 м.) тұрғзылғн, қиранды үйіндінің жоспарындағы аумақтық көлемі 12,50х10,90 м., сақталған биіктігі 4,35 м. Қалдықтарына қарағанда кесене бір камералы, бетше босаға-күмбезді, кіреберіс ойығы оңтүстік бөлікке бағытталған құрылыс түрінде болып келген. Камераның шаршы пішінді негізінен күмбез шеңберіне өтуі бұрыштық аркалы тромптар арқылы іске асқан. Бұл аркалар қосарланған. Камера қабырғаларының ортасына бұрыштық аркалы тромптардың аралығындағы кеңістікті толтыратын тағы төрт арка қаланған. Бір тегістікте орналасқан және терең емес текшелерді құрайтын бұл аркалар да қосарланған. Осы аркалардың салдарынан пайда болған сегіз қырллының үстінде күмбез орналасқан. Сыртқы қабырғада (солтүстік-шығыс) аркалы қуыс бар, оның оңтүстік-батыс бағытта болуы, оның михраб екендігіне күмән келтірмейді.

Кейінірек кесененің осы жеріне мешіт жалғастырылып салынса керек. Себебі, кесененің солтүстік-шығс жағында қам кесектерден тұрғызылған үлкен құрылыстың қалдықтары сақталған.

Аңыз әңгіме

Қасым ата негізінен оны жергілікті халқы Төбесі ойық ата депте атаған. Қасым ата сайыскер, ислам дінін жергілікті жерге таратуда игі жұмыстар жасаған, мешіт аштырып бала оқытқан.

Қасым ата кесенесі Қызылқұмдағы кеуіп қалған Оғыз жылғасы арнасының бойындағы қалың сексеуіл өскен құм төбелердің бірінде орналасқан. Кесенені В.Каллаур көріп, құлаған күмбезі туралы жазған. Кесене «Күмбезі ойық» немесе «Төбесі ойық» деген ат алған. Аңыздың желісі бойынша, аңшы атқан құс үнемі осы кесененің күмбезіне құлаған. Аңшы ол жерден олжасын үнемі ала алмаған. Бірде аңшы ашуланып, кесенеге қарғыс айтқан. Сол кезде күмбез құлаған дейді.

Қасым ата кесенесінің қазіргі апатты жағдайы шаруашылық қызметтерінің әсерлерінен болған. Көнекөз қариялардың айтуы бойынша өткен ғасырдың 20-жылдарында кесене әдейі қиратылып, кірпіштері паравоздарға көмір дайындау үшін пештерге пайдаланылған. Кешегі кеңес дәуірінде 4 кәріс қасына егіс егіп, басындағы кірпішін алып пеш соққан, төртеуіде қайтыс болған деседі.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басы Ғанибай мешіті (қазіргі қалалық кітапхана)
2 / 5
Құтқарушы Христос шіркеуі, ХІХ ғасыр
3 / 5
Жанкент (Янгикент) қалашығы, ІХ-ХІ ғ.ғ.
4 / 5
Сауысқандық петроглифтері, қола, ерте темір дәуірлері
5 / 5
Бақатам кесенесі, ХІХ ғасыр

Ақпарат

    Записей не найдено.