Су қыспақты мұнара

Мекен жайы: Қазалы ауданы, Әйтеке би теміржол стансасы

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 21.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Су қыспақты мұнара,
ХХ ғасыр

Тарих және мәдениет ескерткіштің бір түрі мұнаралар сәлет өнер туындысының ерекше бір үлгісі болып табылады. Сәулет өнерінде мұнаралардың алғашқы формасы қашан, қай уақытта салынғандығы белгісіз. Сонымен қатар, мұнаралар туралы ежелгі жазбаларда көптеп айтылады. Әлемнің жеті кереметінің біріне саналатын Александрия шамшырағының мұнарасы ежелгі дәуірлерде-ақ өзінің ерекше құрылысымен тарихта қалса, кейін Вавилон мұнарасы да көркемдік келбетімен тарих қойнауынан орын алды. Ежелгі сәулет өнерінде мұнаралардың көрініс табуы - грек аңыздары мен әр халықтардың ауыз әдебиеттерінде және жазба әдебиеттерде де көрініс тауып отырды. Мұның өзі мұнаралар тарихының тереңдігін көрсетсе керек. Әлемдік тәжірибиеде мұнаралардың типтік жүйесі ертеден қалыптасты.

Мұнара әртүрлі мақсаттарға салынды. Қай кезеңде болмасын мұнаралар тек жақсы мақсаттарға тұрғызылған. Мұнаралар азаматтық, әскери және табынушылық бағытта салынған сәулеттік құрылыс болып табылады. Сонымен қатар мұнаралар қалаларда төбеден бақылау мақсатында яғни өрттің алдын алу, вокзалдарда, әскери комиссарияттарда, су айдау жүйесінде, ортағасырларды обсервоторияларда аспан әлемін бақылау сияқты қызметтер атқарып отырған.

ХХ ғасырдың басында бумен жүретін паровоздарды сумен қамтамассыз ету үшін салынған мұнаралар болса, кейін халықты ауыз сумен қамтамассыз ету мақсатында пайдаланылған мұнаралар болды.

ХХ ғасырдың басында Орынбор – Ташкент темір жолын салудағы кешендік ғимараттарға жатады. Сыр бойында осындай 38 су қыспақты мұнара тұрғызылған. Қазіргі таңда бұлардың көбісі жұмыс жасап тұр. Сәулеттік үлгілері көпқырлы әр түрлі үлгіде салынған. Ресей сәулеттік үлгісінде салынған су қыспақты мұнаралар биіктігіне қарай, сыйымдылығына қарай да бөліп қарастыруға болады. Сыр бойындағы су қыспақты мұнаралар сәулеттік келбеті жағынан бір-бірінен ерекшеленгенімен негізгі құрылыстық формасы ұқсас келеді. Сыр бойы су қыспақты мұнараларының жоғарғы қабатында су сақтайтын орын болса, төменгі қабаты күйдірілген тікбұрыш форматты айшықталып қаланған қыштар, ал, жоғарғы қабаты ағаштан салынған болып келеді. Негізгі биіктіктері 15-28 метрді құрайды. Кейбір мұнаралардың жоғарғы маңдайшалы бөлігінде терезелер орналастырылған. Терезелердегі ұқсастықтар аркалы немесе ниша тәріздес болып келеді.

Әйтеке би бекетіндегі (Қазалы) су қыспақты мұнара Қызылорда облысы Қазалы ауданы Айтеке би қаласының Жалаңтөс Баһадүр атындағы саябағының аумағында Әйтеке би мен В. Счастный көшелерінің қиылысында орналасқан.

Су қыспақты мұнара Қазалының теміржол вокзалы кешеніне енеді, Орынбор-Ташкент темір жол құрылысы кезеңінде салынған, Әйтеке би қаласының сумен қамтамасыздандыру объектісі болып табылады және вокзал ғимаратының батысына қарай орналасқан. Мұнара күйдірілген тікбұрышты пішінді кірпіштен цемент-құмды ерітіндімен салынған, ауқымды өлшемдері: диаметрі жоспары жағынан – 8,0 м, биіктігі – 29,0 м.

Көлемді-жоспарлы құрылымы мұнараның цилиндрі көлемімен анықталған. Мұнара құрылымының қарапайымдылығында шеберлер композициялы түрлендіріп, әсем тірілетуге тырысқан: мұнара екі қабаттан тұрады – төменгі (жертөле), қаралау түсті, тегіс беті бар жоғарғы қабаттан тұрады.

Төменгі қабатта кіреберіс ойық, әсем шығыңғы порталмен айшықталған, солтүстік-батысқа бағытталған. Дәл осы жерде бүйір бет жағында бір терезеден орналастырылған. Терез ойықтары жартылай дөңгелек қақпалармен жабылған, декоративті қапталған, кіреберіс қақпалардың ойықтары – сәуле өтетіндей, қорған тасымен әсерлендірілген. Төменгі қабаты екі бөлікке бөлінеді, жоғарғы бөлігінде кіреберістің үстіне кішкене ғана терезе ойығы орнатылған. Бұл ойықтың үстінде жоғарғы қабатты төменгісінен бөліп тұратын қалыпқа келтірілген аралық ернеу өтеді.

Жоғарғы қабаты тағы да қалыпқа келтірілген белағаштармен екі деңгейге бөлінген. Төменгі қабатта бойлай және көлденең белағаштарда тар терезелер орнатылған, олар архивольт және терезе астындағы кернеулермен шығып тұрған жартылай дөңгелек қақпалармен жабылған. Жоғарғы деңгейі салтанатты сәнделген ернеумен аяқталады, оның төменгі бөлігі аркатуралы белағаш ретінде шешілген, салбырап тұратын жоғарғы бөліктің зері одан да кіші элементтерге ие. Сегізқырлы жартылай дөңгелек көріністі күмбез шатырлы темірмен жабылған, оның ішкі кеңістігі жоғарғы шаммен жарықтандырылады, ал төрт жақтардың әрқайсысы – люктармен. Шамның шатыры төбемен жалғасқан.

Мұнараның айтарлықтай биік болуы, үлкен көлемде судың және оның үлкен ағысының теміржол бекетіне қажет болуынан пайда болса керек, осыған байланысты ішінде суы бар екі резервуар орнатылған, бұлар әдетте бірінің үстіне бірі қойылып салынатын.

Құрылыстарды айнала қоршап тұрған кешенде мұнара осындай үлкен қуатпен биіктігі бойынша басыңқы саналған, осыған байланысты оның архитектоникасына шектен асқан талап қойылды. Көркем өнер бейнесінің астарына оның көлемін көзге «жеңілдетіп көрсету» жатты.

 Мұнара жертөле үстінде мықтап тұр, оның үстімен жоғарғы қабаттың жарық көлемі көтеріліп тұр. Торапты бекетке қойылған сукернеуіш мұнара, осыған байланысты үлкен маңыздылыққа ие болып, сәйкесінше өлшемі аралық бекеттердегі мұнаралардың арасынан ерекшеленіп тұрады.

 

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қарасопы кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар
2 / 5
Молқалан (Молла-Қалан) кесенесі, ХVІ ғасыр
3 / 5
Сығанақ қалашығы. Х-ХVІІІ ғасырлар
4 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басы Ғанибай мешіті (қазіргі қалалық кітапхана)
5 / 5
Жент қалашығы, Х-ХV ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.