Айтбай мешіті, 1878 жыл

Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Сәтпаев көшесі, 18

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 25.07.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Тарихы: Айтбай қажы Сыр өңірінің ХІХ ғасырдағы көпесі, әрі дін жолын ұстаған қажыларының бірі болған. Хиуа, Қоқан хандықтарымен және қазақ жеріндегі басқа да қалалармен, жәрмеңкелермен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, ел арасында сауда-саттық жолдарын дамытып қана қоймай, діни ілімді жетілдіру жолдарына да атсалысады. Сол кезде имандылық ордасын ел игілігіне айналдыру мақсатында 40 мың рубль жиналған көрінеді. Осы мақсатта 1878 жылы Айтбай қажының демеушілігімен Әулиеатаның Ысқақ пен Камал есімді шеберлерін шақыртып, осы мешіт құрылысын бастаған.

Сипаттамасы: Мешітті 1878 ж. Айтбай қажының қаржысына Әулиеата шеберлері Ысқақ пен Камал салған. Ауданы 22х16, биіктігі 14 м. Алдыңғы жағы үлкен портал болып келеді, күйдірілген қышпен өрнектелген, ортасындағы ойық-есік, екі жағынан төрт жалған терезе іспеттес оймышпен әшекейленген. Төбесі қаңылтырмен жабылып, іші сыланып, әктелген. 1980 ж. «Қазақ жобалау – қалпына келтіру» институты мешіттің толық қалпына келтіру-жөндеу жобасын жасады.  1950 жылдары кинотеатр ретінде пайдаланылса, кейін ол жерге мектеп-интернат, 1970-1971 жылдары тігін цехы мекемесі орналастырылды. Ал қазіргі таңда ғимаратқа мешіт міндеттері қайтарылды. Ғимарат тікбұрышты жоспарда күйдірілген кірпіштерден тұрғызылған. Іргетасы да діл осындай кірпіштерден қаланған. Негізінің тереңдігі 1,70 метр, ені 0,90 метр. Мешіт ішкі қабырға арқылы намаз оқу залына және вестибюльге бөлінген. Залдың ортасында темір жабындысымен жабылған, шатырға қарай жоғарылайтын күмбез кеңістігі орналасқан. Ғимарат сыланып, әктелген, төбесі боялған. Мешіттің қасбеті кірпіштермен айшықты қаланып сәнделген, әсіреге, михрабы бар батыс қасбеті. Бұл қасбет белдеушелер, ернеулер, пилястрлер сияқты көлденең және тігінен қолданылатын элементтердің әрекеттестіктерінен құралған симметриялы маңдай алды композициясы түрінде шешімін тапқан. Қабырғаның беткі жағы пилястрмен бес бөлікке бөлінген: орталық және одан әр жаққа екіден. Орталық бөлігіне жақын тұрған бөліктер шеткілеріне қарағанда тар болып келген. Орталық бөлік көркем безендірілген. Оның төменгі бөлігінде қабырғадан шығыңқы түрде орналасқан «көп қырлы» михраб, ал жоғарғысында – картуштармен безендірілген аттик орналасқан. Қалған бөліктер бірдей безендірілген. Олар михраб деңгейінде шығыңқы кірпіштерден сәулелі арқа түрінде аяқталған жапсырма «жиектемелермен» безендірілген. Жоғарғы жағында олар кіші қуыстармен «тігіс» түрінде безендірілген таспалы өрнектермен көмкерілген. Пилястрлер кронштейн-«сухариктер» түріндегі сәндік элементтері бар жіңішке көлденең шығыңқылармен және ернеулермен айшықталған. Мешіттің ауласында, солтүстік-батыс және оңтүстік–шығыс жағында қызмет және тұрғын бөлмелері орналасқан. Ескерткіш- «кірпіш стилін» жақсы пайдаланудың бірден-бір үлгісі болып табылады. Мешіт ежелгі мұсылман культтік сәулет өнерінен өзгеше түрде салынды.

Мешіт «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» жобасы аясында «Өңірлік қасиетті нысандар» тізіміне және Қызылорда облысы бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерінің 3D форматтағы интерактивті (www.virtualmap.xyz/be/10-pamyatniki-kaz/173) картасына енгізілген. QR-код тақтайша орнатылған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері Ы. Жақаев мүсіні, 1975 жыл
2 / 5
Айтбай мешіті, 1878 жыл
3 / 5
Оқшы ата кесенесі, ХІ ғасыр
4 / 5
Сығанақ қалашығы. Х-ХVІІІ ғасырлар
5 / 5
Бегім ана мұнарасы, ІХ-ХІ ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.