Жанкент (Янгикент) қалашығы, ІХ-ХІ ғ.ғ.
Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жанкент ауылынан оңтүстікке қарай 1 км
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 25.07.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Тарихы: Жанкент қорғаны Қазалы жерiндегi республикалық санаттағы археологиялық ескерткiштердiң бiрi. IХ-ХІ ғасырларда оғыздардың Сыр бойындағы Сауран, Сығанақ, Түркiстан (Яссы) тағы басқа қалалардың арасында аталатын Жанкент шаһарының орны Сырдария өзенiнiң сол жақ бетiнде, Қазалы қаласынан 15 шақырым жерде жатыр. Жанкент жайлы ең бiрiншi жазбаша естелiктер IХ-Х ғасырлардың үлесiне тиедi, ал ХҮ ғасырда қала туралы деректер жоғалады. Тек арада үш жүз жыл өткен соң, ХҮIII ғасырда ғана Жанкенттiң аты қайта жаңғырады. Алайда, бұл қираған Жанкент жайлы жазбалар Жанкент қаласы жөнiнде орыс саяхатшысы П. И. Лерх өзiнiң 1867 жылы жасаған археологиялық экспедициясынан соң құнды мәлiметтер қалдырған. Сыр өңірін есте жоқ ерте дүниеден бастап адамдар мекендеп,уақыт өткен сайын олардың мәдениеті ілгерілей түскенін археологиялық қазбалардың нәтижелері мен осы кезге шейін сақталынып келген көне ескерткіштер айғақтап отыр.
Жазба деректерде Жанкент алғаш рет араб тарихшысы Ибн-Рүстемнің еңбегінде аталады. Сондай-ақ, араб географы Ибн-Хаукал «Оғыздардың басты қаласы Жанкент болды делінген. Сонымен қатар қала жайындағы деректер ортағасырлық араб тарихшылары әл-Якубидің (IX ғ.) және Ибн әл-Факихтің (X ғ.) шығармаларында кездеседі. Араб тіліндегі жазба деректерде Жанкент қаласы Карьят ал-Хадиса, ал-Мадина ал-Джадида деп аталса, парсы деректерінде Дих-и-Нау, түркі тілінде жазылған еңбектерде Янгикент атауларымен кездеседі. Қазақша аудармасында барлық атаулар «Жаңа қала», «жаңа қоныс» мағынасын береді. Жанкенттің Оғыз мемлекетінің саяси орталығы ретінде таңдалуына оның географиялық қолайлы аймақта, көшпелілер мен отырықшы-егіншілердің шекарасында орналасуы, оғыз далаларын Хорезм, Мауереннахр, Хорасан аймақтарымен жалғастырған дәліз қызметін атқаруы сынды факторлар әсер етті. Қаланың гүлдену дәуірі ІХ ғасырдың ІІ-жартысы мен ХІ ғасырдың алғашқы ширегі Жанкент шаһары – аумағы 15-
Сипаттамасы: Қалашық Қазақстанның ортағасырлық тарихын, соның ішінде түркі-оғыз тайпаларының тарихын зеттеуде маңызды ескерткіш болып табылады. Қалашыққа қазба жұмыстары 2005-2013 жылдары «Мәдени мұра» бағдарламасы, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің халықаралық гранттар есебінен Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті жүргізген. 2014 жылдан бастап қазба жұмыстарын облыстық бюджет есебінен Қорқыт ата атындағы мемлекеттік университетінің «археология және этнография ғылыми-зерттеу орталығы» жүргізіп келеді. Жүргізілген қазбаларда қалашықтың қорғаныс қабырғалары мен мұнаралары, цитадель, 30 ға жуық тұрғын үй орындары аршылып, темір жабындылар жабу арқылы консервацияланды. Бүгінгі күні аршылған құрылыс нысандары сақталды. Қалашықтағы консервацияланған бір бөлменің композициясы жасақталып, оғыз дәуірінің тұрмыс-салт дәстүрінен хабар беретін, тарихи мүсіндер қойылды. Бүгінгі күнге дейін қалашықтан 200-дей бүтіндей экспонат табылып, облыстық тарихи-өлкетану, Қорқыт ата мемориалды, Қазалы, Қармақшы аудандық тарихи-өлкетану музейлері қорларына өткізілген. 2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан қалашықтың шығыс қорғаныс қабырғасы қалпына келтірілді.
2022 жылы облыстық бюджет есебінен бөлінген қаржыға Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті далалық қазба жұмыстарын жүргізіп аяқтады. Биылғы қазба жұмыстары шығыс қақпасы, қорғаныс қабырғаларының мұнаралары, тұрғын үй орындары аршылды.
«Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында "жалпыұлттық қасиетті нысандар" тізіміне енгізілген. 2019 жылы қалашықтың аумағы толық қоршалып, «JANKENT» стеласы орнатылды. Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұра объектілерінің 3D форматтағы интерактивті (www.virtualmap.xyz) картасында қалашық туралы ақпарат енгізілген. QR-код тақтайшасы орнатылған.