Қазалы қаласының ескі бөлігі, қала құрылыс кешені. ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы Ноғай (Нұралы) мешіті

Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы қаласы, Жанұзақов көшесі №51 үй

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 25.07.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Тарихы: Бұл мешітті 1915 жылы сарт (тәжік) саудагері Мөрәлім Меркемалов қыш кірпіштен салдырған. 1937 жылға дейін мешіт болып жұмыс істеді. Кейін спорт мектебі, емхана, дәріхана болды. 1991 жылы қайта мешіт болып ашылды. Сыр бойындағы  көне ескерткіштер  санатына қосылатын  тарихи-мәдени мұралардың бірі. Орта Азия мен қазақ жерінде Мөрәлім сауда жасаған көпес болған. Мешітті арнайы Бұқара мен Хиуа жерінен мешіт салатын шеберлерді алдырып, барлық керек-жарақ құрал заттарды да сол Бұқара жерінен әзірледі. Сонау қашық жерден мешіт жабдықтарын түйемен тасудан гөрі оның оңай жолдарын таба білгеніне адам таң қаларлықтай. Көптеген бөрене ағаштарды бір-біріне байланыстырып, оларды жалғап Сырдария арқылы ағызып әкелген. Сол бөрене үстіне мешітке керекті материалдарды қойған. Арнайы жасақталған адамдар салдың үстінде отырып, дарияның бұрылар тұстарында салды жиекке соқтырмай аман-есен қазіргі ленинский путь тұстағы көне дарияға әкелген. Аман-есен әкелген жабдықтар үшін ол кісілерге Мөрәлім алтын ділләдан ақы төлеген. Мөрәлім бай мешітті 6 жыл салған. Мешіт біршама уақыт тоқтап барып жұмысын қайта жандатқан. Ол уақытта да мешіт салу кез-келген адамның қолынан келе бермейтін шаруа еді. Кейбір зерттеушілер келіп  мешіттің ішінде Герт ұстундарды (тіреу) арнайы индиядан әкелген ағаш дейді. Ою-өрнектерін бұқар ұсталары салған екен,- деп тұжырым жасайды. Мешіт сыртындағы кесекке арнайы сылақ жүргізілген, І ғасыр өтсе де әлі мінін жоймаған. Мешіт құрылысы аяқталған соң Мөрәлі Бұқарадан имамды алдырған. Ол кісінің есімі Хақназар екен. Хақназар Әуезұлы Бұқара медіресесін тамамдаған білікті, білімді ғалым адам болған. Оның ұрпақтары Қазалы қаласында тұрады. 

Сипаттамасы: Патша үкіметіне қарсы большевиктер үстем болған сәттерді ерте түсінген  Мөрәлім бай қашудың қамын ерте ойлап жиған байлықтарын, дүниесін, бала-шағасын алып Ауғанстанға қашып кеткен. Мешіттің құжаттарын да бірге ала кеткен. Ол кезеңде Қазалы уез орталығы Орынбор губерниясына қарайтын. Мешіт салуға рұқсатты, Петроград т.б. план іс-қағаздар сол жақтан әзірленеді екен. Мөрәлім бай мешітінің сол кезеңдегі құжат т.б. қағаздары ешбір архивтен табылмады. Мөрәлім бай өзімен бірге ала кеткен деп ойлаймыз. Кеңес үкіметі барлық билікті қолына алғаннан соң Мөрәлім мешітін әскери казарма, сосын әскери емхана болған. Мешіттің намаз оқитын бөлмесі бөлмелерге бөлініп, түрлі мекемелерге айналды да клуб, емхана, спорт мектебі, дәріхана т.б. болды.

«Қазақстанның киелі жерлері географиясы» жобасы аясында «Өңірлік қасиетті нысандар» тізіміне және Қызылорда облысы бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерінің 3D форматтағы интерактивті (www.virtualmap.xyz) картасына енгізілген. QR-код тақтайша орнатылған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Ақтас мешіті, 1884 жыл
2 / 5
Бегім ана мұнарасы, ІХ-ХІ ғасырлар
3 / 5
Айқожа кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар
4 / 5
Молқалан (Молла-Қалан) кесенесі, ХVІ ғасыр
5 / 5
Сығанақ қалашығы. Х-ХVІІІ ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.