Шіркеу, қазіргі - теміржолшылар клубы ғимараты, 1904 жыл

Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Әйтеке би көшесі, 1

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 25.07.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Тарихы: 1904 жылы Орынбор-Ташкент теміржолын салу кезінде Қазалы станциясына жақын жерден Теміржолшылар клубының ғимараты тұрғызылды. Жобаның авторы – белгісіз. Теміржол клубының ғимараты Қазалы станциясына таяқ тастам жерде, шағын бақтың аумағында салынды, вокзал маңындағы алаңға жататын сәулет ғимараттарының бірі болып табылады. 

Сипаттамасы: Ғимарат тікбұрыш форматты күйдірлген кірпіштен тұрғызылған, жоспарындағы аумақтық өлшемдері 48,0х64,0 м. Ғимарат сыланып, әктелген, шатыры жабын қаңылтырмен жабылған. Ғимараттың жоспарында үйірмелер мен көрерменге арналған бөліктер анық байқалады. Орталық бөлік үшкіл маңдайшамен аяқталған, бүйірлік резалиттер шатырдан биіктеу аттикалық жабынмен көмкерілген. Осы қасбеттің барлық үшкіл маңдайшасы биік терезе ойықтарының арқасында жақсы жарықтандырылған. Осылардың ішіндегі ең биігі қасбеттің орталық осінде орналасқан мұнара болып табылады, ол төрт қырлы күмбезбен жабылған. Ғимарат сахнасы бар көрермендер залы мен оған бүйірінен жапсарлас қызметтік бөлмелері бар күрделі құрылыс болып табылады. 200 адам сиятын зал клубтың ортасында орналасқан және акустикасы жақсы. Залдың төбесі мен қабырғалары және сахна белдеулермен, пилястрлармен, розеткалармен безендірілген. Ғимараттың қасбеті сандриктер, пилястрлар, сухариктердің және т.б. көмегімен нақышталған. Қасбеттер мен интерьерлер сыланған және сырланған. Ескерткіш туралы ақпарат Қызылорда облысының тарихи-мәдени мұра объектілерінің 3D форматтағы интерактивті картасы бар (www.virtualmap.xyz) арнайы сайтында берілген. QR-код тақтайшасы орнатылған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Сығанақ қалашығы. Х-ХVІІІ ғасырлар
2 / 5
Баланды ІІ кесенесі. б.з.д. VІ-ІІ ғасырлар
3 / 5
Қорқыт ата ескерткіш кешені (стелла, амфитеатр, қылует, қошқар тас, мұражай), 1980 жыл
4 / 5
Ақтас мешіті, 1884 жыл
5 / 5
Құттыбай кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.