Жетіасар ІІІ (Алтынасар) қалашығы, б. з. д. І мыңжылдықтың соңы- б. з. ІV-V ғасырлар

Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Тұрмағамбет ауылынан солтүстік-батысқа қарай 33,7 км

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 26.07.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Тарихы: Жетіасар – б.з.б III-I ғасырлардағы қаңлы тайпаларының орналасқан аймағы (Қытай деректерінде Кангюй деп кездеседі).  Бұл Қызылорда облысындағы Қармақшы, Жалағаш, Сырдария ауданының территориясында орналасқан көне қалалар орны, олар толық сақталмай тек топырақ үйінділері түрінде жатқандықтан асарлар деп атаған (Қоңыратбаев, 1996, 148 б.). Бұл ескерткіштертердің өзіндік ортақ ұқсастықтарына қарай зерттеушілер бір мәдениетке топтастырып, олардың негізгі бөлігі шоғырланған Жетіасар шатқалның атымен атаған. Бұл аймақтан Бидайық асар, Сорлы асар, Домалақ асар, Үңгірлі асар, Томпақ асар, Қара асар, Жалпақ асар, Тікасар, Тас асар,  Қосаасар, ияқты барлығы 50-ге жуық қала мен жүздеген обасы бар қорымдар және суландыру жүйелерінің орындары анықталған. 1946 жылы С.П. Толстовтың басқарумен Хорезм архелогиялық этнографиялық экспедициясы Сырдарияның ежелгі солтүстік арналары Қуаңдария мен Ескідариялыққа қарай жүріп, жетіасар кешенінің қалаларын ашты. 1948-1951 жж. С.П. Толстов Жетіасар №3 (Алтын асар), Жетіасар №9 қаларында және бірнеше жеке обаларда қазба жұмыстарын жүргізді (Толстов, 1962, 186-200 бб.) 1958, 1962-1963 және 1966 жж. Басқа да Жетіасар ескерткіштерінде қазба жұмыстары жалғасын тапты (Левина, 1971, 10 б.). Аталған зерттеу жұмыстары нәтижесінде С.П. Толстов алғаш болып Жетіасар қалалары құрылыстарының ерекшелігіне байланысты үш топқа бөледі: ғимараттары бар бекіністі үй-жай (усадьба); екіншісі – мықты қорғаныс жүйесі бар (мұнаралары, бекіністі қақпасы), бірақ ішінде ешқандай құрылыс орны жоқ, ірі қамалдар; үшіншісі – мықты қорғаныс жүйесі бар, сонымен қатар ішінде көптеген әр түрлі тұрғын үй құрылыстары бар қамалдар (Толстов, 1948, 128-129 бб.). Бұл қалалар халқы Сырдарияның орта ағысы бойымен Ташкент төңірегіне таралған көршілес отырар-қаратау мәдениеті және қауыншы мәдениетерін жасаған тайпаларымен бірге тарихи Кангюй (Қаңлы) мемлекетінің құрамына кірген. Ғалымдар бұл мәдениеттерді өзара сабақтастықты көрсететін негізгі белгілермен қатар, бойынша бір мезгілде өмір сүрген деп болжайды. Әр топтың аумағында өз суландыру жүйелері болған. Қалалар орны ауданы 0,5-10 га биіктігі 8-20 м дөңгелек немесе сопақша пішіндес екі қабатты құрылыстар қаланың орталығы қызметін атқарған, мұның үш кейде (кейде төрт) жағын айнала төменгі қабаттың үйлері орналасқан. Барлық қалаларда берік қорғаныс дуалдары болған. Сонымен қатар, кейбір қалаларда биік мұнаралар, қабырға үстімен айнала өтетін дәліздер де бар. Құрылысқа пахса блоктары мен шикі кірпіш қолданылған. Ал 1973-1991 ж.ж. Л.М. Левинаның жетекшілігімен жетіасар шатқалында кең көлемді Алтын асар, Томпақ асар, Бидайық асар, Кіші және Үлкен Қос-асар мен 700-ге тарта обаларға кешенді қазбалар жасалынды. Нәтижесінде бұл мәдениетті өзара сабақтастықты көрсететін негізгі белгілермен қатар, түрлі тарихи жағдайларға байланысты туындаған ерекшеліктеріне қарай үш кезеңге бөлді: Жетіасар-I кезеңінде негізгі қалалар қалыптасып, мәдениет гүлденген. Экономикалық мәдени қарым-қатынастардың негізгі желісі, этникалық тұрғыдан едәуір жақындығы бар отырар-қаратау мәдениетінің тайпаларымен екі арада өрбіген. Жетіасар-II (б.з. IV-VI ғғ.)кезеңіне қарай жергілікті тайпаларға ғұн мәдениетінің әсері ықпал еткен. Осы кезеңдегі жетіасар мәдениетінің тайпалары тарихтағы «ақ ғұндар» (эфталиттер) бірлестігнің құрылуына ұйытқы болған. Жетіасар-III кезеңіндегі (б.з. VII-IX ғғ. басы) тайпалар өмірінде ірі қоныс аударулар орын алған. Үшінші кезеңінің аяғында Жетіасар шатқалы шөлге айналып, жетіасар мәдениеті өмір сүруін тоқтатады. Жетіасар мәдениетінің әсері Сырдарияның Аралға құйылысына одан әрі Әмудария сағасына өтіп, осы өлкелерде «кердер» мәдениетін қалыптастыруға қатысады (Левина,1971, 76 б.). 

2006-2007 жж. Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институтының  Шірік-рабат археологиялық экспедциясының барлау отряды (жетекшісі Ж. Құрманқұлов) «Мәдени мұра» бағдарламасының аясында «Қызылорда облысының ескерткіштер жинағын» шығару мақсатында жетіасар ескерткіштеріне толық археологиялық барлау жұмыстарын жүргізді. Жоғарыдағы айтылғандардың бәрі мәдениеттердің өзара жақындығын дәлелдейді. Қаңлылардың бес иелігін және олардың астанасы Битяның орналасқан жерін тек Сырдария мен оның тарамдарының аңғарларында орналасқан барлық үш мәдениеттің қоныстары мен қорымдарын мұқият зерттегенен соң және картаға түсіргеннен кейін, немесе топтардың әрқайсысының ерекшеліктерін нақтылағаннан кейін анықтауға болады.

Сонымен қатар, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті тарапынан республикалық грант есебінен Сырдария ауданындағы Қос асар қалашығына қазба жұмыстары жүргізілуде.

Сипаттамасы: Қалажұрт 1848, 1958 ж.ж. ХАЭЭ (жет. С.П. Толстов) зерттелді. 1986/1987 ж.ж. ескерткіште ХАЭЭ қызметкерлерімен (жет. С.П. Болелов, А.Н. Гертман) қазба жұмыстары жүргізілді. Трапецияға ұқсас жалпы ауданы 17,4 га бекітілген қалажұрт төрт қамалдан тұратын кешенді құрайды. Фортификациялы жүйемен біріктірілген қамалдар әр түрлі кезеңдерде салынуы мүмкін. «Үлкен үй» және «Кіші үй» деп аталатын екі бекіністің төбесі көпшілікке тән дөңгелек немесе жұмыр болып келетін екі қабаттан тұрады. Бекітілген қалаға кіретін орталық есік оңтүстік-шығыс жағында орналасқан (ені 15-18 м.). Олардың ішіндегі ең көнелірінің бірі - қалажұрттың солтүстік-шығыс бұрышында екінші алаңы бар «кіші» бекініс болып табылады. Дөңгелек орталық алаңының диаметрі – 48 м, сақталынған биіктігі - 12 м. Құрылымдық және фактологиялық материалдар қамал б.з.д. 1 мың. ортасына жататындығын көрсетеді.  Бірнеше жүзжылдықтар өткеннен кейін кем дегенде екі қабаттан тұратын «үлкен» қамал тұрғызылды. Жоғарғы алаңның аумағы – 165х165 м, биіктігі – 15м. Кешеннің солтүстік-батыс бұрышында, қабырғаларының сақталынған биіктігі 5 м дейін жететін қамал орналасқан, б.з. І мың. ортасында тұрғызылған болу керек. Жоспарында атыс ойықтары бар қамалдың қабырғалары диаметрі 50 м болатын дұрыс шеңберді құрайды. Алтын-асар бекітілген қамалдың ішіндегі ең көнесі – аумағы 800 шаршы метрді құрайтын дұрыс емес нысандағы бес бұрышты қамал болып табылады, «Үлкен» қамалдың екінші мәдени қабаттарында тұрғызылған болу керек. Осы қоныс-қорғанның сақталынған биіктігі 7 м қабырғалары бұрыштық және кіретін есікті екі жағынан қорғайтын мұнаралары бар төртбұрышты күйдірілмеген кірпіштен (стандарт 37/40х37 – 40х7/9 см) тұрғызылған. Табылған материалдар Алтын-асар қалажұрты б.з. І мың. жататындығын анықтауға негіз болды.

Ескерткіш «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» жобасы аясында «Өңірлік қасиетті нысандар» тізіміне және Қызылорда облысы бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерінің 3D форматтағы (www.virtualmap.xyz) интерактивті картасына енгізілген.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қазалы қаласының ескі бөлігі, қала құрылыс кешені. ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы Ноғай (Нұралы) мешіті
2 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басы Ғанибай мешіті (қазіргі қалалық кітапхана)
3 / 5
Шіркеу, қазіргі - теміржолшылар клубы ғимараты, 1904 жыл
4 / 5
Жанкент (Янгикент) қалашығы, ІХ-ХІ ғ.ғ.
5 / 5
Шірік-рабат қалашығы, б.з.д. V-ІІ ғ.ғ.

Ақпарат

    Записей не найдено.