Сырлытам кесенесі, ХІІ-ХІІІ ғасырлар

Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Көмекбаев ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 106,5 км.

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 26.07.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Тарихы: Доғалы маңдайша, әдетте, араб архитектурасына тән. Тіремесі бар маңдайшаға қарағанда мұндай тәсіл сәулет өнері үшін шын мәнінде прогресс болып есептеледі. Тек қана, мұндағы бір кемшілік, қалау барысындағы барлық салмақ маңдайшаға ғана түседі. Алайда, бұл ақау тастан қашалған қалауларда кездеспейді. Керісінше қашалған тастан қаланған маңдайшалар оңай байласып, ұялы күмбездің берік те кең болып бітуіне мүмкіндік береді. Шығысқа ислам дінінің келуіне байланысты сәулет өнері жаңа бетбұрыс жасады. Құрылысқа геометриялық өрнектер – қошқар мүйіз, түрлі өсімдіктер бейнелері, кеспе-қима өрнектер, түрлі-түсті малта тастардан қаланған әшекейлер, түрлі плиталармен көмкеру ене бастады. Сөйтіп, құрылысшылардың түрлі түске және көлеңке бояуларға ден қоюы, жауын-шашынға мұқалмайтын шыны бояудың тууына себепкер болды. Міне, Сырлытам кесенесі салыну барысында осы стильді ұстанған. Құрылыс күмбезінен ара қашықтығы бірдей етіліп шағын терезелер шығарылған. Оның да маңдайшасы жартылай шеңбер етіп ойылған. Бұл стиль кейінгі ұрпаққа әсерін тигізбей қойған жоқ. Көрші қыстаулардан қабырғадан есік, терезе шығаруда Сырлытамға еліктеу байқалады. Ал бейіттерді күмбездеп салу әдісі көптеп кездеседі.

Сипаттамасы: Сырлытам күмбезі бетшелі-күмбезді, бір камералы құрылысқа жатады, өлшемдері 12х10,5 м, жарықтың бұрыштарына бағытталған. Ескерткіштің жалпы биіктігі күмбезбен бірге 13 м құрайды. Салмақ түсетін қабырғаларының қалыңдығы әр түрлі болып келеді – солтүстігіндегі 2 м, батыс және шығысындағы 1,5 м, оңтүстігіндегі 1м. Кесененің оңтүстік және солтүстік жағында терең қуыстары бар екі есігі бар. Кіреберістер жалпақ жарма есіктермен (1,5 м) жабылған. Биіктігі 7,5 м бетшенің оңтүстік секторға бағытталған призмалы корпусқа жазылған, пішіні 3,5х2,2м терең қуысы бар, айқышты қабырғада кірме ойығы бар сүйір аркасымен жабылған порталды терең қуысы бар. Төрт бұрышты сыртқы периметрі бойынша ауданы 10,5х10,5. Күмбез шатырлы, кесене күйген кірпіштен тұрғызылған. Күмбезі екі қабат. Ішкі беті жартылай спиральді етіліп, оның іші өрнектелген. Сыртқы күмбез негізінен ішкі күмбезге бекітілген. Кесененің оңтүстік және терістік жағынан жасалған екі есігі бар. Негізгі оңтүстігіндегі есік босағасының маңдайшасы шығыс елінің дәстүрімен доғала қаланған. Кесене «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» жобасы аясында «Өңірлік қасиетті нысандар» тізіміне және Қызылорда облысы бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерінің 3D форматтағы интерактивті (www.virtualmap.xyz) картасына енгізілген.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Асанас кесенесі, ХVІІ ғасыр
2 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың басы, Ғанибай үйі
3 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІ-ХІІІ ғасырлар
4 / 5
Құтқарушы Христос шіркеуі, ХІХ ғасыр
5 / 5
Шіркеу, қазіргі - теміржолшылар клубы ғимараты, 1904 жыл

Ақпарат

    Записей не найдено.