Молқалан (Молла-Қалан) кесенесі, ХVІ ғасыр
Мекен жайы: Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Іңкәрдария ауылынан солтүстікке қарай 6 км.
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 27.07.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Тарихы: Молқалан (Молда-қалан, қалан-ұлы) - Мехереғланның лақап есімі. Мехереғлан осы жерлердегі белгілі әулие-әнбие, қазіргі кезде де халықтың арасында үлкен танымалдыққа ие. Молқалан әулие тек қана Сыр өңіріне емес, бүкіл мұсылмандар қауымына ортақ әулие, шарапатын сезінген разы ұрпақ елді мекендердің түпкір-түпкірінен келіп, тәу етіп кетуде. Ол жеті жердегі жайдың қайсысынан болса да құдайы қалаған адамға аян береді екен. Алдына келіп Алладан тілеген зағип жандардың дертін, қала берді іштеріндегі әзәзіл сайтанды өз етегіне тастатып, көздеріне күлкі ойнатып, беттеріне нұр ойнатып жіберетін Сырдың киелі әруақ иесі. Ол Әзіретті Әлі және оның баласы Хусейіннің ұрпағы делінеді. Мүлкілән әулие діни үлкен ғұлама, аузы дуалы, көзі қырағы көріпкел, әрі емші, сөзге шешен адам болған. Аңыздар бойынша, ол-суармалы жер шаруашылығымен айналысқан, жеті жерде бір мезгілде үйі болған. Мехереғлен жергілікті әулие Мағзұммен жақсы таныс болған: тіпті олар бір-бірімен кім қайда жерленеді деп әзілдескен екен.Молқалан кесенесі туралы тарихи анықтаманы 2006 жылы Ж. Жонтаева мен Ш. Абдибаев "Сыр елінің мәдени мұралары" еңбегінде жариялады.2005-2007, 2008-2011 жылдары кесенені Ә. Х. Марғұлан атындағы Археология институтының экспедициясы (жетекшісі Ж. Құрманқұлов) зерттеді. Ескерткіш «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында «Қазақстан Республикасының тарих және мәдениет ескерткіштерінің жинағы. Қызылорда облысы» кітабына енгізілді.Аңыз: Молқалан (Молда-қалан, қалан-ұлы) - Мехереғланның лақап есімі. Мехереғлан осы жерлердегі белгілі әулие-әнбие, қазіргі кезде де халықтың арасында үлкен танымалдыққа ие. Аңыздар бойынша, ол-суармалы жер шаруашылығымен айналысқан, жеті жерде бір мезгілде үйі болған. Мехереғлен жергілікті басқа әулие Мағзұммен жақсы таныс болған; жастары ұлғайып қалған кезде олар тіпті бір-бірімен кім қайда жерленетіндігі жайында да әзілдесіп өткен екен. Олардың әрқайсысының сәуегейлігі олар дүниеден өткеннен кейін орны алған. Сонымен бірге нысан туралы толығырақ Қызылорда облысы тарихи-мәдени мұра объектілерінің 3D форматтағы интерактивті картасы берілген арнайы сайттан (www.virtualmap.xyz) қарауға. болады. Сондай-ақ, нысан туралы ақпараттың қолжетімді болуын қамтамасыз ету мақсатында QR-код орнатылды.
Сипаттамасы:
Кесене көптеген өңделмеген қоршаулар мен қабір үсті ескерткіштерінен тұратын үлкен қорымның түкпірінде орналасқан, барлық аумағын қалың өскен сексеуіл басып қалған. Жоспарында биік шаршы болып келетін кесене корпусы аласа күмбезасты барабанына қондырылған күмбезбен жабылған, беткі қабырғада орналасқан кіретін ойығы бар портал оңтүстік-батысқа бағдарланған. Бойлық және көлденең осьтерінде барабанның жоғарғы бөлігі мен күмбездің негізін қамтитын төрт саңылау жасалған.Молқалан кесенесі іргетасы жоқ, өлшемдері 9,26х12,28 метр болатын, күйдірілген кірпіштен салынған бір камералы порталды-күмбезді құрылыс. Қабырғаларының биіктігі - 5,0 м. Жоспарында шаршы пішінді. Төрттіктен сегіздікке өту тромптардың көмегімен жүзеге асырылады. Саз балшықты ерітіндімен қаланған.Кесенінің қабырғаларында елеулі еңістік бар. Порталдың екі жағындағы екі негізгі қасбетте орналасқан тікбұрышты филенкалардағы аркалы қуысты айтпағанда, қабырғалардың сыртқы жағы безендірілмеген дерлік. Кесенесінің порталы корпусқа қатысты алғанда тарылады, мықты тіреулері бар және алға қарай 3 м-ге шығып тұр, бұл жергілікті дәліз-дромосы бар күмбездер дәрстүрімен үйлеседі.Кіреберіс ойығының үстінде қаландының тікбұрышты шығыңқы бөлігі тұр, ол жазуы бар филенкаларға арналған болса керек. Сол жерде, корпусқа порталдың тіреулері кіріп тұратын бұрыштарында кірпіш сталактиттер сақталған, ол порталды қуыстың жартылай күмбезді төбесіне өтуде қызмет атқарады. Осыған ұқсас құрылыс жүйесі жақын жерде орналасқан Іңкәрдарияның Сырлытам кесенесінде байқалады.Порталдың терең жерінде екі жаққа айқара ашылатын кіру есігі орнатылған. Сонымен қатар, қасбеті порталдың екі жағынан симметриялы түрде орналасқан, аркалы қондырмалары бар тікбұрышты қуыстармен сәнделген. Кесененің негізгі қасбеті оңтүстік-батысқа қарай бағдарланған.Камераның негізінде жатқан шаршыдан күмбез шеңберіне өту тромптар қабатының анық көрсетілген сегіз қырлы бөлігі арқылы жүзеге асырылады. Камераның төменгі бөлігінде, төрт қабырғаның әрқайсысының ортасында оқ тәрізді кескінді бір аркалы қуыстан орналасқан, олардың архивольтінің жоғарғы бөлігі жалпағынан қаланған кірпіштер қатарымен айырықша етілген.Тромптар қабатының аркасы оқ тәрізді, жан-жақ ортасына аркалардың айқыш қабырғасы камераның қабырғаларына қатысты алғанда біршама тереңдетілген, бұрыштық аркалы тромптардың ойығын толтыру жағы төменгі бөлігінде камера қабырғасының жалғасы түрінде шешілген, ол шығыңқы үш кірпіш жасап тұрған сөре арқылы жартылай күмбез қаптамаға өтеді. Тромптар қабаты шығып тұрған сөре арқылы камераның төменгі шаршы бөлігінен бөлінеді, осы қабаттың сегіз қырлысынан күмбез негізінің шеңберіне өту күмбез қаламасының төменгі қатарларының асылып тұруы есебінен жүреді, сегіз бұрыштың әрқайсысында босатқыш қуыстар қарастырылған.Жөндеуге дейінгі ішкі көрінісінде сылақтың қалдығы сақталған, едені күйдірілген кірпіштерден төселген. Жерлеу камерасының солтүстік бұрышында әулиенің қабір үсті ескерткіші орналасқан. Ол матамен жабылған, жоғарғы жағында Құран ілінген. Камераның оң жақ жартысында бір қатарда орналасқан, күйдірілген кірпіштермен жиектелген бес қабір үсті ескерткіші бар.Ескерткіштің периметрін бойлай еденнен бірнеше қатар биіктікте қаламаның тұздануына кедергі келтіретін қамыс қаттама тығыз етіп салынған. Қабырғаларың ортасында және порталда қаламаға ағаш қадалар көлденеңінен салынған.Молқалан кесенесі ортағасырлық мұсылман сәулет өнері дәстүрінің дамуымен қатар, Орта Азияның солтүстік бөлігіндегі көшпенділерге тән «дахистандық» портал типін де қолданған. Сонымен қоса Қазақстанның жойылып кеткен кейінгі орта ғасырлық сәулет өнерін елеулі бір деңгейде сипаттайтындықтан, ескерткіш үлкен маңызға ие.
Кесене «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» жобасы аясында «Өңірлік қасиетті нысандар» тізіміне және Қызылорда облысы бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерінің 3D форматтағы интерактивті (www.virtualmap.xyz) картасына енгізілген. QR-код тақтайша орнатылған.