Ақтас мешіті, 1884 жыл
Мекен жайы: Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бесарық ауылынан оңтүстік-батысқа 11 км.
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 28.07.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Аңыз-әңгіме: Ғимарат Айқожа ишанның (кесенесі онша алыс емес) айтып кеткен өсиетімен салынып, «Ақтас» деп аталады. Айқожа ишан дүниеден өткеннен соң 25 жылдан кейін ескі мешіт орнын жаңартып, 1882-1884 жылдары Айқожа ишанның немересі Атамағзұмның басшылығымен, Тасжан деген байдың демеушілігімен және жергілікті халықтың күшімен салынады. Мешіт құрылысын Бұқарадан арнайы алдырған Халид шебер жүргізген. Ғимарат Сырдарияның оң жағалауындағы жайылма алқап үсті территориясындағы қырқада орналасқан. Террассаның етегінде емдік қасиеті бар бұлақ ағып жатыр. Мешіттің биіктігі сонша, одан Қожа Ахмет Иасауи мен Арыстан бап кесенелері көрінетін болған. Қажылық жасаушылар Меккеге қажылыққа барар алдында осы мешітке жиналатын дәстүр болған.
Сипаттамасы: Ақтас мешіті қайталанбас өнер туындысы. Пішіні төрт бұрышты етіп салынған күмбезді мешіттің биіктігі 10-
Мешіт «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» жобасы аясында «Өңірлік қасиетті нысандар» тізіміне және Қызылорда облысы бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерінің 3D форматтағы интерактивті (www.virtualmap.xyz) картасына енгізілген. QR-код тақтайша орнатылған.