Бақатам кесенесі, ХІХ ғасыр

Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Сарыбұлақ ауылынан батысқа қарай 29 км.

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 25.09.2018

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Тарихы: Бақа Айбекұлы - 1837 жылы Сарбұлақ өңірінде дүниеге келген. Бақа би Шөмекейдің, Аспаны Кедей руынан шыққан. Бақа би 33 жыл болыс болған кісі. Қазалы оязының екінші көмекшісі болған. Би елдің ауызбіршілігін, ынтымағын сақтаған. Баха Айбекұлы 1865 жылдан бастап губернатордың бұйрығымен Аспан руының биі болып тағайындалып ел билігіне араласады. Баха би 1891 жылдан бастап Қазалы уезі бастығының кіші көмекшісі болып қызмет атқарған. Түркістан генерал-губернаторының бұйрығымен алтын медальімен және Станислов лентасымен марапатталған. Баха бидің баласы Әбілтай, Әлпейіс төреге салдырған. Оның әрбір кірпішіне қолдан өрнек салып өрген.

Сипаттамасы: Кесене бетше босағаны бейнелейтін жақсы дамыған басты қасбеттік қабырғасы бар бір камералы күмбезді құрылыс. Кесененің кіреберісі оңтүстік-батыс қабырғада орналасқан, жақ бөгеттері бар ойық тәрізді және қарапайым өңделгенімен ерекшеленеді. Кесене Қызылорда облысы бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерінің 3D форматтағы интерактивті (www.virtualmap.xyz) картасына енгізілген.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІІ ғасырлар
2 / 5
Сараман-Қоса (Сарман-Қожа) мұнарасы, Х-ХІ ғасырлар
3 / 5
Асан ата кесенесі, ХVІ ғасыр
4 / 5
Молқалан (Молла-Қалан) кесенесі, ХVІ ғасыр
5 / 5
Жетіасар ІІІ (Алтынасар) қалашығы, б. з. д. І мыңжылдықтың соңы- б. з. ІV-V ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.