Оқшы ата кесенесі, ХІ ғасыр

Мекен жайы: Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Бәйгеқұм ауылынан шығысқа қарай 5 км.

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 26.09.2018

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Аңызы: Сыр өңіріндегі киелі орындардың бірі Оқшы ата мазараты. Оқшы ата мазаратын халық кейде «жеті әулие» деп те атайды. Бұл Оқшы атаның есімімен тікелей байланысты. Оқшы атаның азан шақырып қойған есімі Көгентүп, кейбір деректерде Ибраһим болған делінеді. Оқшы ата - халықтың қойған есімі болса керек. Халық аузында Оқшы ата туралы аңыздар жиі кездеседі. Олардың бірінде: Оқшы ата жас кезінде жетім қалады. Күнкөріс үшін ел аралап жүріп, жалғыз қызы бар бір қайырымды шал мен кемпірге тап болады. Олар мұны өздеріне бала етіп асырап алады. Оқшы кемпірді ана, шалды әке, қызды қарындас санайды. Ержеткенде олардың асыраушысы өзі болады. Егін егіп, диқандықты кәсіп етеді.

Оқшы ата туралы зерттеушілердің бірі фольклортанушы ғалым, Әуелбек Қоңыратбаев Оқшы атаны «Қорқыт ата» кітабының басты кейіпкері болуы оның тарихи тұлға екеніне дәлел бола алады деп атап көрсетеді. Сондай-ақ, оны оғыз-қыпшақтың ханы Қазан Салордың батыры әрі қару-жарақ соғатын шебері ееген деректер келтіреді.  Оқшы атаның өмірден 1043 жылы өткендігін және өзінің аты берілген мазаратта жерленгендігі туралы қорытынды жасаған. Сонымен қатар, Оқшы ата түркілер арасында исламды насихаттаған діндар адам болды деген деректер бар. Бұл жер ХІҮ ғасырда Қожа Ахмет Яссауидің даңқты кесенесін Ақсақ темір салғанға дейін осы Оқшы ата жері ежелгі Тұран, оғыздар мен түркі-қыпшақтардың Бекзат азаматтары жерленген пантеон болған екен. Демек, бұл қабірстан біз білетін аталардан басқа қадым ғасырларда жасаған небір арыс азаматтардың жатуы мүмкін. Оқшы ата, Есабыз, Асан қайғы, Ғайып ата, Қыш ата, Досбол би сияқты ұлылар – халық зердесінде сақталғандары ғана.

Сипаттамасы: Оқшы Ата мазары – көне архитектуралық ескерткіш. Мазарға жерленген кісінің аты Ибраһим шайхы. Лақап аты – Көгентүп, Оқшы ата – кейін ел қойған есімі. Кезінде бұл аймақта үлкен шаһар болса, мазардың тұрған жері көне қорым. Архитектуралық жәдігер тарихы ІХ-Х ғасырлардан бастау алып, белгі ХҮ-ХҮІ ғасырларда салынса керек. Баба мазары жөнінде мәліметтер В. Каллаур, И. Кастанье, А. Ниязов, Ә.Қоңыратбаев, т.б. еңбектерінде сақталған. Мазардың ұзындығы-7,15 м., ені-7,10 м., маңдайшасының биіктігі-4,80 м., қабырғасының биіктігі- 3,30 м., күмбез биіктігі- 3,35 м. Бұл жерде Оқшы атамен бірге Асан ата, Есабыз, Ғайып ата, Қыш ата, Досбол датқа, Бала би сияқты ел ардақтылары орналасқан. Қорқыт ата кітабында, Оқшы ата ежелгі Бестам қаласында қару-жарақ шығаратын ұстахананың пірі, Қазан ханның батыры болған деген де дерек бар.

Кесене «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» жобасы аясында «Жалпыұлттық қасиетті нысандар» тізіміне және Қызылорда облысы бойынша тарих және мәдениет ескерткіштерінің 3D форматтағы интерактивті (www.virtualmap.xyz) картасына енгізілген. QR-код тақтайша орнатылған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІ-ХІІІ ғасырлар
2 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, ХІХ ғасырдың соңы - ХХ ғасырдың басы Ғанибай мешіті (қазіргі қалалық кітапхана)
3 / 5
Қазалы қаласының ескі бөлігі, қала құрылыс кешені. ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы Ноғай (Нұралы) мешіті
4 / 5
Қорқыт ата ескерткіш кешені (стелла, амфитеатр, қылует, қошқар тас, мұражай), 1980 жыл
5 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, депутаттар кеңесінің ғимараты, қазіргі – Ғ. Мұратбаевтың мемориалдық музей ғимараты,ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы

Ақпарат

    Записей не найдено.