Облыс көлеміндегі 150 тарих және мәдениет ескерткіштеріне QR-код орнатылды.
Мекен жайы:
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 15.11.2018
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Облыс көлеміндегі 150 тарих және мәдениет ескерткіштеріне QR-код орнатылды.
Үстіміздегі жылы «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы және «Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласынан туындайтын «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында тарихи-мәдени мұраны қорғау саласын сандық форматқа көшіру мақсатында облыстық жобалық кеңсе бойынша 2 жоба қолға алынған болса, оның бірі «Облыс көлеміндегі тарих және мәдениет ескерткіштеріне QR-код орнату» жобасы сәтті жүзеге асырылды.
«Қызылорда облысының тарих және мәдениет ескерткіштеріне QR-код орнату» жобасы “Quick Response - Шұғыл жауап”- деген мағынаны білдіреді. Бұл мобильді телефонның камерасы арқылы жылдам тану үшін ақпарат беретін, екі өлшемді штрих-код. QR-кодтың көмегімен Қызылорда облыстық тарихи және мәдени ескерткіштер қорғау жөніндегі КММ-нің kyzylorda-pamyatniki.kz сайтында орналасқан ақпаратпен таныса алады. Интернет желісін қолдану мүмкіндігі бар жерлерде (мобильді байланыс тартатын, интернет қолданылатын орындар) ескерткіштер туралы кез-келген ақпаратты алуға болады. Тарихи орындармен танысу барысында QR-кодты қолдану өте қызықты және ыңғайлы интерфейс болып табылады. Тарихи мәліметтерді алумен қатар, туристер сол орында еркін бағдарлап жүре алады. Бүгінгі күні QR-коды бар тақтайшалар облыс орталығы мен аудандардағы мобильді байланысы бар жерлердегі ескерткіштерге орнатылды.
Қорыта айтқанда, бұл жобалар өлкеміздің тарихымен қызығатын кез-келген азаматтарының, оның ішінде жастардың ізденіс жұмыстарын жүргізуге үлкен көмегін тигізері хақ. Әрбір жас өз жері мен оның тарихын танып білуі үшін жаңа технологияларды меңгеріп, жаңаша өмір сүруге үйренудің жолдарын білуі тиіс. Осы орайда, аталған жобалар тарихи-мәдени мұраларымыз туралы кең-көлемді ақпарат алу және насихаттау жұмыстарында таптырмас құрал болып табылады деп есептейміз.