Қалалық №101 мектепке ағарту саласының генералы атанған Әли Мүсілұлының бюсті қойылды

Мекен жайы:

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 29.09.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Қалалық №101 мектепке ағарту саласының генералы атанған Әли Мүсілұлының бюсті қойылды

 

2017 жылдың 23 қыркүйегінде қала орталығында орналасқан аймағымыздың маңдайалды білім ошақтарының бірі №101 орта мектепте Әли Мүсілімұлының бюстін ашу салтанаты өтті. Салтанатты шараға ҚР Парламенті Сенатының депутаты Еламанов Бекмырза Қайыпұлы және білім саласының ардагерлері мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Әли Мүсілімұлы - 1941 жылы Сырдария ауданының Асқар Тоқмағамбетов ауылында дүниеге келген. Ұлылығы мен ұлағаттылығының арқасында, саналы ғұмырының барлығын білім саласына арнап, 40 жылдай осы саланың дамуы мен өркендеуі үшін тер төккен. Педагогика ғылымдарының докторы, академик Әли Мүсілімұлы тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында, яғни қайта құру кезеңінде еліміздегі білім саласын экономикалық дағдарыстан шығару мақсатында маңызды реформалар мен тың жаңалықтар енгізген ірі тұлға.²Ағарту саласының генералы² Еткен еңбек, төккен тердің арқасында білім саласында жауапты қызметтерді асқан зор абыроймен еңсеріп, қайраткер ғалым және Талай жылғы табанды тірліктің лайықты бағасындай «Еңбек қызыл ту» ордені, «СССР халық ағарту ісінің үздігі», «СССР Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «ҚазССР ағарту саласының үздігі» төсбелгілерімен, «Еңбектегі ерлігі үшін» және тәуелсіздік жылдарынан кейін «Астана», «Ы.Алтынсарин» медальдарымен, «ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері» белгісімен марапатталса, 1998 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың шешімімен «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» атағы беріледі. Әли Мүсілімұлының артында өнегелі де ұлағатты істерімен қатар 4 монография, 6 оқу құралы, 120-дан астам ғылыми мақалалары бүгінгі ұрпаққа мол мұра болып қалған.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қазалы қаласының ескі бөлігі, қала құрылыс кешені. ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы Ноғай (Нұралы) мешіті
2 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІІ ғасырлар
3 / 5
Жанкент (Янгикент) қалашығы, ІХ-ХІ ғ.ғ.
4 / 5
Баланды ІІ кесенесі. б.з.д. VІ-ІІ ғасырлар
5 / 5
Жетіасар ІІІ (Алтынасар) қалашығы, б. з. д. І мыңжылдықтың соңы- б. з. ІV-V ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.