«Тарихи-мәдени мұра: тәжірибелер, мәселелер және даму болашағы» тақырыбындағы республикалық семинар-кеңес
Мекен жайы:
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 19.12.2017
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
18 - сәуір Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күнін 1982 жылы ЮНЕСКО жанынан құрылған Ескерткіштер мен Көрікті орындар мәселелері бойынша Халықаралық кеңес Ассамблеясы бекітті. Мереке әлемде 1984 жылдың 18 сәуірінен бастап өтілуде, атаулы мереке мәдени құндылықтарымызды сақтау және халық арасында насихаттау барысында түрлі шаралар ұйымдастырылып келеді.
Бүгінгі күні облыс бойынша 517 ескерткіш мемлекет қорғауына алынған. Оның ішінде 30 ескерткіш республикалық, 256-ы жергілікті маңызы бар, 231 ескерткіш тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне енгізілген.
Облыс әкімдігінің қолдауымен төрт жыл көлемінде облыс аумағындағы Сығанақ, Жанкент және Шірік Рабат, Сортөбе, Жент қалашықтары мен Кердері кесенесіне археологиялық зерттеулер кешенді түрде жүргізіліп келсе, оған қоса қосымша үстіміздегі жылы Қышқала, Бәбіш Молла қалашықтарына қазба жұмыстары жоспарланды.
Сыр өңірі ескерткіштерін ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізіміне енгізу мақсатында Сығанақ, Жанкент қалашықтары мен Сауысқандық петроглифтерінің, Жетіаасар мәдениеті ескерткіштерінің толық құжаттамалар топтамасы әзірленіп, қорғау аймақтары белгіленді.
Сонымен қатар, үстіміздегі жылдың екінші жартысында белгілі тұлғаларды ұлықтау мақсатында облыс және аудан орталықтарында жаңадан ескерткіштер мен мүсіндер бой көтеретін болады.
Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен облыстық тарихи және мәдени ескреткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекеменің ұйымдастыруымен Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындар күніне орай 17 сәуір күні өңірлерден келген қонақтар Жетіасар мәдениеті ескерткіштері мен Қорқыт ата ескерткіш кешенін аралап экскурсия жүргізілді. 18 сәуір күні «Тарихи-мәдени мұра: тәжірибелер, мәселелер және даму болашағы» тақырыбындағы республикалық семинар-кеңес саладағы өзекті мәселелерді талқылауға, олардың шешу жолдарын қарастыруға, тарихи-мәдени мұраларды сақтау және пайдалану бағытындағы шараларды насихаттауға арналды. Шараға Түркістан қаласынан Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің ғалымдары, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарының тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі облыстық орталықтары мен инспекцияларының директорлары Ғ.А.Оспанов, Ж.К.Құрбан, С.Р.Ілияс,Т.Т.Жүсіпқалиев, А.М.Мамедов, М.Кипиев және Жамбыл, Қарағанды облыстарының тарихи-мәдени мұраны қорғау жөніндегі мамандары, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдерінің басшылары, БАҚ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғалымдары, өңірлік «Рухани жаңғыру» орталығының өкілдері және басқарма басшылары қатысты.
Республикалық семинар-кеңес қатысушыларына Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Сыр бойы – мыңжылдықтар мирасқоры» тақырыбында көрме ұйымдастырылды. Сонымен бірге, облыс орталығы мен аудандарда осы маңызды күнге орай мәдени-көпшілік іс-шаралар, тақырыптық лекциялар, дөңгелек үстелдер, көрмелер және ескерткіштердің айналасында сенбіліктер, көркейту-көгалдандыру және аумақты тазалау жұмыстары жүргізілді.