Қоршаған ортаны қауіпсіз және таза ету біздің қолымызда!

Мекен жайы:

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 08.11.2018

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап ҚР экологиялық кодексінің 301-бабына сәйкес полигондарда пластмасса, пластика, полиэтилен қалдықтары және полиэтилентерефталат орамасы, макулатура, картон және қағаз қалдықтары, құрамында сынап бар лампалар мен аспаптар, шыны сынықтары, түсті және қара металдар сынықтары, литий, қорғасын-қышқыл батареялары, электрондық және электр жабдықтары қалдықтарын көмуге тыйым салынса, 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тамақ қалдықтарын және құрылыс материалдарының қалдықтарын полигондарда көмуге тыйым салынады.

Пластик өндіру кезінен бастап кәдеге жаратылғанға дейін қоршаған ортаға елеулі зиян келтіреді.

Бір реттік қалталар қаланың кәріз жүйесін толтырып тастайды және су басу қаупін тудырады, пластмасса қоқыстар демалуға арналған орындарды, жағалаулар мен жағалау аймақтарын ластайды, осылайша туризм саласына зиян келтіреді.

Пластикалық ластану - су қоймаларының ластануы (өзендерге, көлдерге, теңіздерге антропогендік қалдықтарды тастау), бір реттік пластикалық бөлшектермен, пластикалық торлармен және т.б. судың ластануы. Жыл сайын шығарылатын пластмассадан жасалған өнімдердің көп мөлшері бір рет қолдануға арналған.

Пластик екі жүз жылға жуық уақыт ішінде шіриді. Пластмассалар жерге түскенде ұсақ бөлшектерге ажырайды да, өзінен қоршаған ортаға химиялық заттар бөле бастайды. Жер асты сулары арқылы пластиктің ұсақ түйіршіктері және одан бөлінген химиялық заттар ең жақын су көздеріне түседі, бұл жануарлардың жаппай қырылуына әкеледі.

Қатты тұрмыстық қалдықтар полигондарына, үйінділерге әрдайым пластмассаның әр түрі тасталады. Бұл қоқыстарда пластиктің биоқұлдырауын жеделдететін көптеген микроағзалар бар. Биоыдырайтын пластиктерге келер болсақ, олар ыдыраған кезде метан бөлініп шығады, бұл атмосфераға диоксиндер мен фурандар бөліп шығаратын өте күшті парниктік газ болып табылады.

Пластмассалар құрамында пластиктің түріне байланысты көптеген химиялық заттар болады. Құрамына химиялық заттарды қосудың негізгі себебі пластмасса көптеген мақсатта қолданылады. Пластмасса өндірісінде қолданылатын кейбір химиялық заттар адамдардың ас ішуі кезінде жұтылып кету қаупін тудырады.

Бір реттік ыдыс, қалталар, қаптамалар, бөтелкелер және түрлі ыдыстар – біз күнделікті «өндіретін» пластикалық қалдықтардың ең көп тараған түрлеріне жатады.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Бақатам кесенесі, ХІХ ғасыр
2 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІІ ғасырлар
3 / 5
Көтібар мұнарасы, ХІХ ғасыр
4 / 5
Қожан қожа кесенесі, ХVІІІ ғасыр
5 / 5
Баланды ІІ кесенесі. б.з.д. VІ-ІІ ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.