Құрамында сынап бар энергоүнемдегіш лампаларды пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтаңыздар
Мекен жайы:
Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 15.11.2018
Құжаттама: жүктеп алу
Жалпы ақпарат:
Құрамында сынап бар энергоүнемдегіш лампаларды пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтаңыздар
ШАҒЫН ЖӘНЕ ҰЗЫНША ТҮРДЕГІ ЛЮМИНЕСЦЕНТТІК ЛАМПАЛАРЫНЫҢ ҚҰРАМЫНДА СЫНАП БУЛАРЫ БОЛАДЫ. ҚАУІПСІЗДІК ТЕХНИКАСЫН САҚТАҢЫЗ.
ҚҰРАМЫНДА СЫНАП БАР ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ҚҰРАЛДАРДЫ АРНАЙЫ КОНТЕЙНЕРГЕ САЛЫҢЫЗ!
Лампалардың кез келген түрі сынатын болса адам өміріне қауіп төндіреді деген сөз. Егер ол сынса немесе істен шығып қоқыс жәшігіне лақтырылса, онда шынының сынығынан, сынап буы ауаға тарайды. Сынап буы қауіпті улы заттардың жіктелуінде «А» тобына жатады, яғни өте улы зат. Сынап буы иіссіз зат, концентрациясы небәрі 0,25 мг/м3 сынап буы бар ауамен тыныс алған кезде, сынап буы өкпеде қалып қойып, адамның бауыры, бүйрегі, жүйке жүйесі сондай-ақ, ас қорыту жүйесі зақымданады. Бар болғаны 3 мг сынаптың адам өміріне ғана емес, топырақ пен суға, яғни қоршаған ортаға орасан зор көлемде зиян келтіретінін ескеруіміз қажет. Бір шамның құрамындағы сынап ауаға тараса, зиянды заттардың үлесін қалыпты мөлшерден 10 есеге арттыратыны дәлелденген.
Қызылорда қаласы және аудан аумағында құрамында сынап бар шамдарды, батареяларды, электр, электр құрылғылары қауіпті қалдықтарын жинақтауға арналған арнайы 850 дана контейнер орнатылған. Орнатылған контейнерлердің мақсаты - өңір тұрғындарын жеке және заңды тұлғалар арасында қалдықтарды бөлек жинау тәжірбиесін қалыптастыру және қауіпті қалдықтарды жинаудың қолайлы миханизмі болып табылады.