Құрметті сайт қолданушылары!

«Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының Қызылорда облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми интернет ресурсына қош келдіңіздер!

Мекеме Қызылорда облысы әкімінің 1992 жылғы 25 қарашадағы №104 шешімімен тарихи мұраларды қорғау, қайта қалпына келтіру және пайдалану жөніндегі облыстық мемлекеттік инспекциясы болып ашылған. 
Облыс әкімінің 2002 жылғы 19 маусымдағы №266 қаулысымен облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі болып қайта құрылды. Облыс әкімдігіінің 2024 жылғы 22 қаңтардағы №15 қаулысына сәйкес Қызылорда облыстық тарихи-мәдени мұраны қорғау орталығы коммуналдық мемлекеттік мекемесі болып аталды. 
Облыс көлемінде 567 тарихи-мәдени мұра объектілері мемлекет қорғауына алынған, оның ішінде 31 республикалық, 256 жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіші болса, 280 нысан тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала  тізіміне алынған.
Мекеме Қазақстан Республикасының «Мәдениет», «Тарихи-мәдени мұраны қорғау және пайдалану туралы» Заңдарын басшылыққа ала отырып, тарихи-мәдени объектілерін қорғау, сақтау, пайдалану, анықтау, зерттеу, насихаттау, ескерткіштер мәртебесін белгілеу, оларды құртып жоюдан, қиратудан, бұрмалаудан, орынсыз өзгерістер енгізуден, тарихи орынынан алып тастаудан қорғауды қамтамасыз етеді. 
Өңірдегі ескерткіштерді есепке алу, сақтау және оларды қорғау бағытындағы жұмыстарды үйлестіру, нақты шешімдер шығару, жаңадан ескерткіштер мен мүсіндерді орнатуды ұйымдастыру мақсатында облыс әкімі орынбасарының төрағалығымен Тарих және мәдениет ескерткіштерін қорғау жөніндегі комиссия жұмыс жасайды.

Фотобаян

1 / 5
Жетіасар ІІІ (Алтынасар) қалашығы, б. з. д. І мыңжылдықтың соңы- б. з. ІV-V ғасырлар
2 / 5
Айқожа кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар
3 / 5
Айтбай мешіті, 1878 жыл
4 / 5
Құтқарушы Христос шіркеуі, ХІХ ғасыр
5 / 5
Сауысқандық петроглифтері, қола, ерте темір дәуірлері

Ақпарат

    Записей не найдено.