Нағи Ілиясов мүсіні, 2020 жыл

Мекен жайы: Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Н.Ілиясов атындағы №9 мектеп-гимназиясының ауласында орналасқан

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 19.08.2020

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Санаты: Тарихи-мәдени мұра объектілерінің алдын-ала тізіміне енгізілген.

Тарихы: Нағи Ілиясов 1920 жылы 6 қарашада Қызылорда облысы, Тереңөзек ауданы "Қызыл коммуна" ауылында өмірге келген. ІІ дүниежүзілік соғысқа қатысушы, барлаушылар бөлімшесінің командирі, ефрейтор. 1929-36 жылы Арыс және Ташкенттегі балалар үйінде тәрбиеленген. 1936-39 жылдары Орта Азия Мемлекеттік университетінде (Ташкент) оқыды. 1939-41 жылдары Ташкент маңы Жоғары Шыршық ауданындағы мектепте мұғалім болды. 1941 жылы туған еліне оралып, № 37 Жәдігер мектебінде неміс тілі мен тарих пәнінен сабақ берді. Кеңес әскері қатарына 1942 жылдың қаңтарында шақырылып, 2-Украина майданына қарасты 46-армия 99-атқыштар дивизиясының 473-артиллерия полкі 2-дивизионы құрамында болып, Ұлы Отан соғысына сол жерден аттанады. Элиста, Ростов, Донбасс, Киев, Житомир, Будапешт (Венгрия)  қалаларын азат етуге катысқан. 1945 жылы Мәскеуде Қызыл Алаңда өткен Жеңіс шеруіне қатысты. 1945 жылы әскер қатарынан босады. 1950-52 жылы Алматыдағы Жоғары партия мектебінде оқыды.

Еңбек жолдары: 1946-50 жылдары Қызылорда облысы комитеттерінде хатшы;

1952-56 жылдары Шымкент облысы (қазіргі Түркістан облысы) Түлкібас ауданы партия комитетінің хатшысы, облыстық партия комитетінің білім меңгерушісі;

1956-60 жылдары Тереңөзек ауданындағы «Қараөзек» кеңшарының директоры;

1960-62 жылдары облыстық мал дайындау бірлестігінің бас директоры;

1962-66 жылдары Жалағаш ауданы атқару комитеті төрағасының орынбасары, Сырдария ауданы ауыл шаруашылығы мекемесі бастығының орынбасары қызметтерін атқарды;

 1966-72 жылдары туған ауылында ашылған 1-күріш кеңшарының алғашқы директорлығына тағайындалды;

1972-76 жылдары Сырдария ауданы «Комсомол» кеңшарының директоры;

1976-81 жылдары облыстық еңбекке орналастыру және жұмыспен қамтамасыз ету мекемесінде басқарушы болып істеді. Өзі басқарған шаруашылыққа 1992 жылы оның есімі берілді.

Марапаттары: 1942 жылы КСРО Жоғары Кеңесі Төралқасының Жарлығымен Кеңес Одағының батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылды. Ленин, І-дәрежелі Отан соғысы, 2 рет Еңбек Қызыл Ту, ІІІ-дәрежелі Даңқ ордендерімен, көптеген медальдармен марапатталған.

Шығармалары: Нағи Ілиясовтың қаламынан туған «Жауынгер жолы», «Совхоз – фабрика риса» атты кітаптары және «Өмір жолының документтері жайлы анықтама» деп аталатын жазбасы бар. 1987 жылдың мамыр айының 6-жұлдызында Алматы қаласында дүниеден озды. Қызылорда қаласында жерленді.

Сипаттамасы: Жеңіс–аға буын ардагерлеріміздің жанқияр ерлігі мен еселі еңбегінің жемісі. Уақыт өткен сайын сұрапыл соғыстың дүрбелең оқиғалары алыстап барады. Десек те, Отан үшін от кешіп, кеудесін оққа тосқан бабаларымыздың ерен ерліктері ұмтылмайды. Осы ретте, ер есімін-ел есінде мәңгі қалдыру мақсатында 2020 жылы Қызылорда қаласында, Н.Ілиясов есімімен аталатын № 9 мектеп-гимназияның ауласына Нағи Ілиясовтың мүсіні орнатылды. Мүсін қола материалынан құйылған. Мүсіннің авторы - Қазақстан Республикасының Суретшілер одағының мүшесі, мүсінші Ж.Исмагулов. Мүсіннің биіктігі-1,10 м. Тұғырының биіктігі – 2,35 м.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Жанкент (Янгикент) қалашығы, ІХ-ХІ ғ.ғ.
2 / 5
Сырлытам кесенесі, ХІІІ ғасырлар
3 / 5
Айқожа кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар
4 / 5
Ақтас мешіті, 1884 жыл
5 / 5
Қорасан ата кесенесі, ХІХ ғасырдың аяғы

Ақпарат

    Записей не найдено.