Неолит дәуіріндегі адамдар тұрағы

Мекен жайы: Арал ауданы, Алтықұдық ауылынан шығысқа қарай 1 шақырым

Ақпарат қосылу\жаңартылу күні: 03.08.2017

Құжаттама: жүктеп алу

Жалпы ақпарат:

Неолит дәуіріндегі адамдар тұрағы, біздің дәуірімізге дейінгі ІҮ-ІІІ мыңжылдықтар

Маңызы:

Жергілікті маңызы бар тарихи-мәдени ескерткіш

Неолит, жаңа тас дәуірі (грек. neos – жаңа және lіthos – тас) – шамамен б.з.б. 5500 – 3000 жылдарды қамтитын тас дәуірінің ең соңғы кезеңі. Неолиттің қалыптасуы мен аяқталуы жер шарының әр түрлі аудандарында әр қилы уақытта өтті. Неолиттік тұрақтар орналасу сипатына қарай - бұлақтык, өзендік, көлдік, үңгірлік тұрақ деп төрт түрге бөлінеді. Әдетте өзендік тұрақтарда, сондай-ақ көлдік үлгідегі тұрақтарда едәуір көп заттар табылады; мұның өзі бұл жерлерде адамның тұрақты немесе ұзақ уақыт тұрғанын көрсетеді. Археологиялық орын туралы ешқандай белгі жоқ. Теп-тегіс жер болып кеткен. Өткен ғасырдың 40-50 жылдарында мерзімі шамамен б.д.д. IV-III мыңжылдықтарды қамтитын Арал теңізінің шығысы, солтүстігі және батыс аймақтарында неолит дәуірінің тұрақтары мен тұрақтар тобы табылды. 

Атап айтқанда, Сексеуіл, Көнту, Тәмпі, Шөлқұм, Ақеспе және т.б. жатады. Бүгінде ірі тұрақтар тобының орнын анықтау мүмкін болса, ал жекелеген еңбек құралдары және ұсақ керамика сынықтары түрінде сақталған тұрақтардың орнын анықтау мүмкін емес. Сондай жұқа қабатты тұрақтың бірі Алтықұдық ауылынан шығысқа қарай 1 км жерде орналасқан деген мәлімет қалған. Барлау жұмыс барысында тұрақтың орны анықталмады.

Барлық бейнелері

Фотобаян

1 / 5
Қазалы қаласы ескі бөлігі, қала құрылыс кешені, депутаттар кеңесінің ғимараты, қазіргі – Ғ. Мұратбаевтың мемориалдық музей ғимараты,ХІХ ғ. соңы-ХХ ғ. басы
2 / 5
Айқожа кесенесі, ХVІІІ-ХІХ ғасырлар
3 / 5
Қожан қожа кесенесі, ХVІІІ ғасыр
4 / 5
Сауысқандық петроглифтері, қола, ерте темір дәуірлері
5 / 5
Жент қалашығы, Х-ХV ғасырлар

Ақпарат

    Записей не найдено.